- Негізгі бет
- Денсаулық
- Табан саңырауқұлағы...
Табан саңырауқұлағы
Аяқ саусақтарының ара-арасына байқатпай орналасып алатын көзге көрінбес саңырауқұлақ уақыт өте келе аяқ тырнағын да, жүнін де бүлдіре алады. Сол саңырауқұлақ жылы жердің бәрінде болады, байқатпай-ақ жабыса қалады. Төменде баяндалған кеңестер қышуды тоқтатып, паразитті құртуға көмектесе алады.
— Дәріханаға рецептсіз сатылатын фунгицид (саңырауқұлаққа қарсы қолданылатын дәрмек) алуға барғанда нитрат миконазолы немесе толнафтат бар май сұраңыз. Оны бүлдірілген жерге күніне екі-үш рет жағыңыз. Үйреншікті қателікті қайталамаңыз: сырқат белгісі кетті ғой деп емдеуді доғармаңыз. Саңырауқұлақты құрту үшін алты апта бойы дәрі-дәрмекті жағып тұрыңыз.
— Ас содасы қышуды, ашуды баса алады. Бір асқасық ұнтақты су қосып бөкпен істеңіз де, бүлдірілген жерлеріңізге жағыңыз, содан кейін жуып тастап, аяғыңызды кептіріңіз. Ақыр соңында жүгері крахмалын не балалар ұнтағын себіңіз.
— Ас тұзының екі шай қасығын, жарты литр жылы суда ерітіңіз. Табаныңызды соған батырып, 5–10 минут отырыңыз. Саңырауқұлақ құрып біткенше соны істеңіз.
— Шай теріні тамаша құрғатады. 5 қалташасын 1 литр қайнақ суда кемі 5 минут демдеңіз. Шай жылымшы болған кезде, шылапшынға құйыңыз да, табаныңызды 30 минут батырып отырыңыз.
— Жұмсақ құрғатқыш заты бар тыныштандыратын компресс қышудан, ащытудан көмектеседі, сондай-ақ күлдіреп кеткен жеріңізді құрғатады. Буров сұйығының (онда алюминий ацетаты болатын, дәріханаларда сатылады) екі ас қасығын суық суға араластырыңыз. Ақ түсті орамалды соған батырып, күніне үш-төрт рет бүлдірілген жерге басып, 15–20 минут ұстаңыз.
— Бәрінен мықты — кәдуілгі айран. Айранды бүлдірілген жерге жағыңыз да, кептіріңіз, содан кейін жуып тастаңыз.
— Шылапшынға қыша майының бірнеше тамшысын не аз ғана қыша ұнтағын салып, су құйыңыз да, жарты сағат табан батырып отырыңыз.
— Шай ағашының майы терінің қышқылдығын өзгертіп, саңырауқұлақтың көздегенін болдырмайды. Сол майды нақ сондай мөлшердегі зәйтүн майымен араластырып, бүлдірілген жерге күніне екі рет жағыңыз.
— Шай ағашының майын алоэ гелімен де араластыруға болады. Дәріні күніне екі рет жағыңыз. 6 аптадан кейін сырқаттан құтыласыз.
— Лаванда майының үш тамшысын кез-келген өсімдік майымен не теріге арналған лосьонмен араластырып, оны бүлінген теріге күн сайын жағыңыз.
— Дәріханадан календула араластырылған май сатып алып, аяқ саусақтарының арасына жағыңыз.
— Жуынғаннан кейін табаныңызды мұқият кептіріңіз. Саусақтар арасын фенмен кептіруге болады.
Г. Берік