Сіз білмейтін тағы бір қызық

Сіз білмейтін тағы бір қызық
Фото: iPhones.ru

Витамин (вита + амин) «өмірлік қа­жетті амин» де­генді білді­реді. Бұл ұғымды бұдан бір ға­сыр бұрын (1902 ж) поляк хи­мигі Каземир Функ ендірген.

Бүгінде дәрумен (витамин) деп аталатын 13 түрлі зат бар. Олар майда еритін (А, Д, Е, К) және суда еритін (С мен В тобының витамин­дері) бо­лып бөлі­неді. Осының ішінде Д, К және В3 дәрумендерін адам ағзасы өзі түзеді, қалғандары ағ­заға азық арқылы түседі.

А дәрумені көз бен бауырды қорғайды, жарақаттарды жазады, ал В тобының дәрумен­дері зат алмасуына атсалысады, жүйке жүйесінің жұмысын реттейді, С дәрумені ағзаның инфекцияға төзімін арттырады, Д дәрумені сүйектерді нығайтады, Е – қартаюды тежейді.

Адам ағзасының С дәруменіне сұранысын қанағат­тандыру үшін күніне 5-6 түйір балғын көкөністер жеу қажет. Сол сияқты басқа да қажетті дәрумендер адам ағзасында күнделікті жеткілікті мөлшерде болғаны дұрыс.

Адам кейде өзінің білмес­ті­гінен немесе зиянды әдет­терінің кесірінен де вита­миннен айырылады. Мысалы,  ас­пиринді көп ішсе, ағзадан С дәрумені көп жойылады, ал темекі А, С, Р дәрумендерін, ішімдік А дәрумені  мен В то­бының дәрумендерін жояды. Тоңазытқышта үш күн тұр­ған көкөністер дәрумендердің тең жартысына жуығынан айы­­­рылады. Жабайы жеміс­терден гөрі қолда өсіріл­ген жемістерде дәрумен аз.

Арнайы қорғаныштық қабатта шығарылған дәріханалық по­ливитаминдердегі пайдалы заттар 2-ден 7 жылға дейін өз қа­сиеттерін сақтай алады.

Қалада тұратын адамдарда ультракүлгін сәуле арқылы түзілетін Д дәрумені аз, себе­бі қала ауасы лас. Сондықтан қа­лалықтар ағзаны Д витами­німен қамтамасыз ете­тін жағдайды әрдайым қаперде ұс­тағандары абзал.

Жалпы, өмірге аса қажетті бұл аминдерді әрдайым назарда ұстап, олармен ағза­ны қа­жет­ті деңгейде қамтамасыз етіп жүру керектігін ұмытпаған абзал.

 zamana.kz

Н. Үсенова