- Негізгі бет
- Денсаулық
- Суық судың шипасы...
Суық судың шипасы
- Бастан күн өтіп, мұрыннан қан ақса, орамал немесе шүберекті суық суға шылап, маңдайға аз-кем басып тұрса, қан тоқтайды.
- Көз ыстыққа төзімсіз келеді, бірақ суыққа шыдай береді. Таза суық сумен беті-қолды жуса, ми сергек, көз өткір болады. Ұзақ жыл осы әрекетті қайталаса, жұқпалы көз ауруын азайтуға, көру қуатын қорғауға, көздің ауруға қарсылық қуатын арттыруға болады.
- Қол-аяқ сіңірі созылып, сіңір созылған жер қанталаса немесе іссе, оған дереу суық су өткізсе, жарылған ұсақ қантамырлар тез бітеледі. Ісіктің қайтуы тездейді, қан тоқтап, қақсам ауруы басылады.
- Жаз күндері үнемі суық суға түсіп, шомылып тұрса, дене қуат артып, суыққа төзімділік күшейіп, оңай тұмау тимейді.
- Тіс сыздап, қақсап ауырғанда, ауызға суық су толтырып, ауызды бірнеше қайтара шайса, тістің ауырғанын белгілі деңгейде басады.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: tooopen.com
M. Auelkhan