- Негізгі бет
- Денсаулық
- Сүт ішкен елде...
Сүт ішкен елде Нобель иегерлері көп
Ақылды болу үшін міндетті түрде Аустралиялық жабайы адамдар секілді бауырыңның миын жеудің қажеті жоқ. Бір уақытта екі ғалымның зерттеген тәжірибиелеріне сүйенсек, оның орнын сүт пен шоколад алмастыра алады.
Шоколад және «Нобель» сыйлығының лауреаттары:
Американдық дәрігер Франц Мессерли 23 мемлекет тұрғындарының тамақтану ерекшеліктерін зерттеген. Нәтижесінде ақылды болу үшін көп мөлшерде шоколад жеу керек деген болжамға келіп, болжамын сандармен дәлелдеп отыр.
Мысалы, Швейцария Нобель сыйлығын ең көп алған мемлекет (10 миллион адамның 31,544-і). Және шоколад жеуден де алдыңғы орында (бір адам жылына 10 келі). Осы көрсеткіштерге сәйкес Дания, Норвегия, Австрия елдері де қатарға қосылады. Ал Швеция мемлекеті бұл көрсеткіштен ауытқиды: Нобель сыйлығының лауреаттары көп, бірақ шоколадты аз қолданады.
Өкінішке орай Франц Мессерли ұзақ жылдар бойы дайындаған жаңалығын жариялап жатқан кезде көршілес Британия мемлекетінде дәл осындай зерттеудің жүріп жатқанын білмеген. «Швейцариялықтардың жұмбағы» ертерек шешілетін еді.
Сүт және «Нобель» сыйлығының лауреаттары:
Британдық мамандар назарын зияны бар шоколадқа емес, сүтке аударды. Франц Мессерли секілді «Нобель» сыйлығын қай мемлекет көп алатынына да мән берді.
Зерттеу нәтижесінде 10 миллион адамға шаққанда 31,855 марапаттан тиеді. Олар бір жылда 350 келі сүт ішеді екен. Ал қытайлықтар жылына 50 келі сүт ішеді.
Кофеин де сүт секілді шоколадтың құрамында кездесетіндіктен кофеиннің миға әсері туралы рейтінгі шығатын болады.
Ресей сиырлары:
Ғалымдардың тәжірибиесіне күмәнмен қараған Оpenspace.ru журналистері Ресейді де бақылап көрген. Онда шоколадты қанша көп жесе де, Нобель сыйлығының лауреаттары аз. Ресейде бір адам жылыны 4-5 келі шоколад жейді екен.
АҚШ мен Нидерландтықтарда 10 миллион адамға 10 лауреат болса, Аустралияда – 5,5, ал Ресейде 1,614 ғана. Сүт өнімдерін қолдануы да дәл солай. Жылына АҚШ-дан 4 келі аз ғана қолданғанына қарамастан, лауреаттардың мөлшері 6 есе аз.
Ішімдік ықпалы:
Яғни Ресейде сүт өнімдері табиғи емес немесе пайдалы дәрумендері ағзалары дұрыс сіңірмейді. Мұның барлығы ішімдікті көп мөлшерде пайдалануымен байланысты болуы мүмкін. Бұл да ақыл есті арттырудың орнына кемітетін өнім. Ресейде бір адам жылына 15,76 литр ішімдік ішіп, әлемде төртінші орында тұр.
Ал бірінші орында Молдовалықтар. Орташа есеппен жылына бір адам 18,22 литр ішімдік пайдаланады. Екінші орын – Чехия (16,45 литр), үшінші орын – Венгрия (16,27литр). Ал құрама штаттардың тұрғындары жылына 9,44 литр ғана пайдаланады. Ішімдік ішу рейтінгісінде 57-орында тұр. Яғни математикалық есептер жүргізетін болсақ, 0,7 литр ішімдік бір нобель сыйлығынан айырылуға алып келеді. Украина тарихында 5 Нобель сыйлығын алған екен.
Мамандардың қорытындысы бойынша, шоколад пен сүт мидың жақсы жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Тек олардың жақсысын таңдай білу керек.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: nogotok.ru
Қ. Бүйенбай