- Негізгі бет
- Денсаулық
- Сұлулық пен денсаулықтың...
Сұлулық пен денсаулықтың кепілі
Дәл қазір көктем мезгілінің дәл ортасы десек қателік емес. Қылышын сүйреген Қыс патша кеткісі келмей ары айналды, бері айналды. Көктемге кезегін енді ғана бергендей, кешегі қарды соңғы қар деп есептейік. Енді бізде Көктем патшалық құрады! Бұл дегенің денсаулыққа ерекше көңіл бөлетін сәт туды деген сөз. Себебі, көктемде біздің ағзамыз сұлулық пен денсаулықтың кепілі саналатын дәрумендерді ерекше қажет ете түседі. Иә, тура таптыңыз! Авитаминоз! Сондықтан да, бүгін «қысқы ұйқыдан» оянғанда айнадан сау шаштарды, мықты тырнақтарды, таза теріні және күлімдеген көзді көргісі келетін оқырмандарымызға кезекті кеңестерімізді ұсынамыз.
Сұлулық дәрумендері:
А дәрумені - жас көрінудің таптырмас көмекшісі. Сұлулық дәрумендерінің таласы жоқ көшбасшысы деуге де болады.
Тағамдар: Балық майы, бүйрек, жұмыртқа, май, көкөністер, сүт, ірімшік, қаймақ;
Нәтиже. Таза теріні, тегіс бетті, жастықты, мықты тістерді, сау шаштар мен тырнақтарды иеленесіз. Көз астының ісінулерінің, безеулердің, әлсіздіктің алдын алады.
С дәрумені (аскорбин қышқылы) – жақсы көңіл-күйдің дәрумені.
Тағамдар: лимон, апельсин, қызанақ, итмұрын тұқымдары, картоп;
Нәтиже. Дені сау тері мен қызыл иек, мықты тырнақ. Күйзелістің, құрғақ терінің, жүйке әлсіздігінің алдын алады.
Д дәрумені – голливудтік күлкі сыйлайды.
Тағамдар: бидай дәндері, көк, сыра ашытқылары, балық майы, жұмыртқа, сүт, сарымай;
Нәтиже. Сау берік тістерді уәде береді. Тершеңдік пен әлсіздіктен құтыласыз.
Е дәрумені – ұзақ өмір мен белсенділіктің дәрумені.
Тағамдар: өсімдік майы, бидай дәндері, көк көкөністер, күнбағыс дәндері;
Нәтиже. Зат алмасуды жақсартып, шаршауды басады.
В1 дәрумені - көміртек алмасуын жақсартады.
Тағамдар: бүйрек, сыра ашытқылары, бидай дәндері;
Нәтиже. Жүрек пен асқазан саулығы, жақсы тәбет. Жүйке шаршауын басады, күйзеліс пен ұйқысыздықтан құтқарады.
В2 дәрумені – өсудің, тыныс алудың дәрумені.
Тағамдар: жұмыртқа, бүйрек, қарақұмұқ және сұлы ботқасы, бадана, күнбағыс дәндері.
Нәтиже. Сау тері, шаш, тырнақ. Сергектікке, көздің жақсы көруіне, жақсы ұйқыға кепілдік береді. Ерін кезеруінің, майлы терінің, көз қарауытуының, шаш түсуінің, майлы шаштың маңына жуымайтын боласыз.
Сонымен қатар, көктем маусымында сәбізбен ерекше дос болуға кеңес береміз. Оны шикі күйінде күніге жеген өте пайдалы. Көкөніс салаттарына көк пияз немесе укроп қосып жеуді әдетке айналдырыңыз. Бастысы уақытылы тамақтанып, дұрыс ұйқыны күзету екендігін қаперіңізде ұстаңыз!
Суреттер:www.liveinternet.ru,mail.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева