- Негізгі бет
- Денсаулық
- Стресске қарсы жаттығулар...
Стресске қарсы жаттығулар
Жұмыстағы шаршағандықтан арылудың бірден-бір жолы - жаттығулар жасау. Алайда ол үшін арнайы ыңғайлы киім, кроссовкілер қажет емес. Жұмыс орнында отырып-ақ, қарапайым жаттығулар жасау арқылы стресс пен шаршағандықтан құтылуға болады.
Ең біріншіден терең дем алып, ойларыңызды босатыңыз. Кейін мына жаттығуларды жасаңыз.
Орындыққа түзу отырып, қолды тізеге, екі аяқты еденге қойыңыз. Терең дем алып, дем шығарған сәтте алға қарай бүгіліңіз. Дем алғанда арқаны түзулетіңіз. Жаттығуды 5 рет қайталаған абзал. | |
Терең дем алып, қолды жоғары көтеріңіз. Дем шығарған кезде оң жаққа еңкейіңіз. Қайта дем алғанда бастапқы орынға қайтыңыз. Осылайша екі жаққа еңкею жаттығуларын жасаңыз. Әр жаққа 5 реттен қайталаңыз. | |
Қолды суреттегідей бүгіп, дем шығарған кезде денеңізбен оң жаққа қарай бұрылыңыз. Дем алғанда қайта орынға бұрылыңыз. Екінші жаққа да дәл солай. 5 рет қайталаңыз. |
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: realsimple.com
С. А