Спортқа ынталандыратын тиімді әдіс

Спортқа ынталандыратын тиімді әдіс
Фото: freepik.com

Әр адамның физикалық белсенділігімен байланысты достарымен ашық табиғат аясында серуендегені, жаттығулары сияқты тамаша естеліктері болады.

Нью-Хэмпшир университеті (Дарем, АҚШ) ғалымдарының айтуынша, мұндай естеліктер адамды белсенді қозғалуға талпындырады екен. Колледжде әртүрлі іс-әрекеттерді таңдау туралы ақпаратты жинау үшін екі топқа бөлінген студенттермен сұхбат жүргізілген екен. Сауалнама екі кезеңнен тұрған. Бірінші кезеңде, басқа да мәселелермен қатар, ағымдағы физикалық белсенділік және болашаққа деген ниеттері туралы ақпарат жиналды. Сонымен қатар, қатысушылардың бір тобына физикалық белсенділіктің оң және теріс әсерлерін тигізген кезеңдерін еске түсіру сұралды, ал екінші топтан бұл туралы сұралған жоқ. 8 күн өткен соң студенттерден алдыңғы аптадағы физикалық белсенділік деңгейі туралы ақпаратты жинау үшін қайта сауалнама жүргізілді.

Позитив естеліктерді баяндаған студенттер бақылау тобының мүшелерімен салыстырғанда бірінші сауалнамадан кейін физикалық белсенділіктің ең жоғары деңгейін көрсеткен. Сонымен қатар, студенттердің физикалық белсенділік деңгейінің арасындағы айырмашылықтарды тексергенде, естеліктер тудырған және туғызбаған, тіпті ынталандырудың және дене белсенділігінің бастапқы деңгейі сияқты факторларды ескергеннен кейін де статистикалық сенімділікті сақтап қалған. Жағымсыз оқиғаларды еске түсірген студенттер еске түсіруді сұрамағандарға қарағанда белсенді болған.

Егер сіздің үнемі жаттығу бастауға зауқыңыз соқпаса, жадыңыздағы өткен кезіңіздегі жағымды тәжірибелерді еске түсіріп, спортпен айналысуға қайта ниеттеніңіз. Жағымды естеліктер спорттық іс-шараларды күнтізбе кестесіне енгізу үшін, керемет шабыт беруі мүмкін. Белсенді дене қимылы жүрек, қан-тамыр ауруларының, диабеттің, қатерлі ісік ауруларының және басқа аурулардың қаупін азайтады, психикалық белсенділікті жақсартады, сапалы өмір сүруіңізге жағдай жасап, жасыңызды ұзартады.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры

Massaget