- Негізгі бет
- Денсаулық
- Спорт баланың сабақты...
Спорт баланың сабақты жақсы оқуына көмектеседі
Баланы мертігіп, ауырып қалады деп спорттан алыс ұстайтын ата-аналар жетерлік. Спортқа бейім бала бөлек, оқуға берілген вундеркинг бөлек болады деп оқушыны екіге бөліп тастайтынымыз тағы бар. Оқымысты баланың спортқа бейімі жоқ деп ойлайтындар да көп.
Алайда Ұлыбритания ғалымдарының мына бір зерттеуіне көз жүгіртсек, спорттың балаға тигізер пайдасы мол көрінеді. Әсіресе, оқушының зияткерлік қабілетін арттырады екен. Сондықтан спортқа бейім бала ақымақ деуге негіз жоқ.
Ғалымдардың зерттеуінде спортпен шұғылданатын оқушылардың оқу үлгерімі жақсы, зияткерлік мүмкіндігі жоғары болатыны айтылған. 9-11 жас аралығындағы бастауыш сынып оқушыларына тәжірибе алған ғалымдар балаларды ең алдымен жүгіртіп, физикалық жаттығулар жасатып, кейін 45 минуттан соң, тест шештірген. Сонда физикалық белсенділіктен кейін баланың когнитивті ойлау қабілетінің артатыны байқалған.
Зерттеу авторларының тұжырымынша, спорт арқылы бала өзінің зияткерлік қабілетін жақсартуға зор мүмкіндігі бар.
"Спорт баланың есте сақтау, ойлау және өзін-өзі ұстау, еркін ойлану сынды қасиеттерін қалыптастырады. Сондықтан дене шынықтыру сабағы баланың оқу үлгерімін жақсартуға көмектесетін бірде-бір қолжетімді тәсіл", - дейді зерттеушілер.
Қ. Слямбек