- Негізгі бет
- Денсаулық
- Смартфонның жанында ұйықтауға...
Смартфонның жанында ұйықтауға бола ма – маманның жауабы
Адамның қолында не қалтасында үнемі жүретін бір зат бар, ол – смартфон. Ұйқыға жатсақ та, смартфонды тастамаймыз, әйтеуір. Ал бұл денсаулыққа зиян ба?
Қытайдағы Цинхуа Университетінің физик-инженері Шан Чжинань WeChat-қа берген мақаласында осы сауалға өзінше жауап іздеп көрген екен. Оның айтуынша,
Оның айтуынша, смартфон денсаулыққа зияны бар ма әлде жоқ па деген сауалдың жауабын әлі күнге дейін ешкім білмейді. Мобильді телефон қатерлі ісікке себеп болады дегенге ешқандай ғылыми дәлел жоқ.
Электромагнитті сәулелену рагын зерттеу жөніндегі Халықаралық агенттіктің жазуынша, канцерогендерді (қатерлі ісік тудырушы зат) деңгейге жіктейтін болсақ, смартфон 2В немесе 3 категориясына жататын көрінеді. Ал бұл қатарда маринадталған қияр мен кофе жатады. Ал Шанның айтуынша, қатерлі ісікке әкелетін әрі ең қауіпті саналатын бұл – канцерогендердің бірінші тобы. Оған темекі, күн сәулесі мен автокөліктен шығатын улы газ жатады. Ал бұл қатарда смартфон жоқ.
Зерттеушінің айтуынша, смартфонмен бірге жатып ұйықтау беруге әбден болады. Өйткені смартфон тыныш жатса, одан шығар радиомагниттік сәуле де аз болады. Мобильді телефон тыныш жатқанда емес, сөйлескенде, интернетті қосып, деректерді жібергенде қауіптірек. Себебі бұл уақытта смартфон көбірек сәуле бөледі.
Сондықтан телефонмен ұзақ сөйлесетін болсаңыз, құлаққаппен сөйлескен абзалырақ. Сонда сәулелену деңгейі түседі.
Қ. Слямбек