- Негізгі бет
- Денсаулық
- Шұлықпен ұйықтай аласыз...
Шұлықпен ұйықтай аласыз ба?
Ұйықтау былай тұрсын, күндіз үйде жүргенде де шұлық кигісі келмейтін, отырған жеріне шешіп тастай беретін адамдар бар. Мұнда барлығы қандай шұлық таңдауыңызға байланысты. Сонымен қатар мұның тағы бір себебі адам ағзасында қан айналысы дұрыс болмағандықтан үнемі шұлық аяқты қысып тұрғандай сезім туғызуы мүмкін. Алайда сіз мына мәліметтерді білгеннен кейін шұлыққа деген көзқарасыңызды өзгертуіңіз мүмкін.
Тез ұйықтайсыз. Төсекке жатқаннан кейін дөңбекшіп тез ұйқыға кетіп қала алмайтын болсаңыз, ұйықтарда шұлық киіп жатыңыз. Аяғыңыз ерекше жылылықта болса, миға ұйықтау керек деген сигнал келеді. 2007 жылы жүргізілген зерттеу нәтижесінде бірі нәскимен, бірі нәскисіз ұйықтаған екі топтағы адамдардан нәски киіп жатқандары шынында да тез ұйықтап кеткен екен.
Таңға жуық қалтырап-дірілдеу әдетінен арыласыз. Табаныңыз жылы босла, қан тамырлары кеңейіп, қан айналымы жақсарады. Сондықтен шұлық киіп ұйықтасаңыз, ұйқыны бұзатын ұстамалы аурулардың алдын аласыз. Жұбыңызбен қарым-қатынасты да ыстық ете түседі.
Аяғыңыз тартымдырақ көрінеді. Өкшеңіз тез жарылып кететін болса, мына тәсілді қолданыңыз. Түнде жатарда аяққа ылғалдандыратын жақпамай не лосьон жағып, таза табиғи матадан тігілген нәски киіңіз. Нәтижесі бірден көзге көрінеді.
@. @assel_assanova