- Негізгі бет
- Денсаулық
- Іштегі майды екі...
Іштегі майды екі минутта кетіретін ең оңай тәсіл белгілі болды
Оңалту жаттықтырушысы және Grand Pilates және балет студиясының жетекшісі Марина Крестовникова планка жаттығуларын іш бұлшықеттерін нығайтудың қарапайым және тиімді әдістерінің бірі деп атады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеп.
Маман планка жаттығуының басты артықшылығы оның түрі мен ұзақтығына қарамастан барлық бұлшықеттердің кешенді жаттығу түріне жататынын атап өтті. Негізгі және іш бұлшықеттері тартылғандықтан, тұрақты жаттығулар біркелкі позаны, әдемі мүсінді, теп-тегіс іш мүсінін қалыптастыруға көмектеседі және омыртқа мен буын ауруларының қаупін азайтады.
Сонымен қатар, барлық бұлшықет топтары өзара әрекеттескенде, көбірек энергия жұмсалады және дұрыс тамақтанумен бірге бұл салмақ жоғалтудың және бүкіл денені сергітудің тамаша тәсілі болуы мүмкін.
"Классикалық планканы орындаған кезде денені түзетіп, шүйде тұсы мен өкшеге дейін түп-түзу сызықты қалыптастыру керек. Бел аймағындағы аздап ауырсыну қалыпты жағдай. Қол шынтағы бүгулі (90 градусқа) және тартылып тұрған іштің бұлшық еттерін қаттырақ қысымда ұстау керек", - деп түсіндірді Крестовникова.
Ал жаттығу төмендегідей диагнозы бар адамдар үшін ұсынылмайды:
- гипертония (жоғары қан қысымы);
- карпальды туннель синдромы (білек аймағындағы ауырсыну);
- шынтақ буындары мен иық аймағындағы ауырсыну;
- омыртқааралық жарық (грыжа);
- өңеш жарығы;
- шап сіңірі жарығы;
- семіздік;
- жүктілік;
- остеохондроз;
- қолдың, арқаның және иықтың жарақаттары.