- Негізгі бет
- Денсаулық
- Шоколад жей бергіңіз...
Шоколад жей бергіңіз келе ме? Ағзаңызға не жетіспейтінін біліңіз
Әрбір адамның сүйікті тағамы бар. Бірақ тұзды немесе тәтті бірдеңені қатты жегісі келе беру ағзадағы қандай да бір өзгерісті немесе проблеманы білдіруі мүмкін. Бүгінгі материалда тәтті жей бергіңіз келуі ағзаға не жетіспейтінін көрсетуі мүмкін екенін айтамыз.
Тәттіге құмарлық созылмалы күйзелісті білдіруі мүмкін. Себебі шоколад құрамында триптофан бар. Ол - шаршағандықты жеңуге көмектесетін аминқышқыл. Күйзеліс кезінде біздің ағзамыз оны барлық мүмкін жолмен алуға тырысады. Сондай-ақ шоколад бақыт гормондары – серотонин, окситоцин және дофамин деңгейін арттырады.
Тәтті бірдеңе жей бергіңіз келу магний жетіспеуін де білдіруі мүмкін. Бұл жағдайда, әдетте, тәттіге деген құмарлық етеккір кезінде немесе жүктілік кезінде пайда болады.
Шоколадта және басқа да тәттілерде трансмайлар мен қант болғандықтан, оны көп жеу ұсынылмайды. Егер ағзаға зиян келтірмей, тәтті бірдеңе жегіңіз келсе, онда кепкен жемістер, асқабақ дәндерін, жаңғақтар және бал жеңіз. Бұл өнімдер магнийге бай және дене сымбаттылығына зиян келтірмейді.
А. Жапатова