- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ішектер жайлы не...
Ішектер жайлы не білу керек?
Адамның физикалық және психологиялық саулығы бір-бірімен тығыз байланысты. Біз ауырғанда өзімізді жабырқаңқы сезінеміз. Адамның көңіл күйіне ішектер жағдайы да айтарлықтай әсер береді. 2000 жыл бұрын Гиппократ былай деді: «Барлық ауру ішектерден басталады». Ендеше, ішектер жайлы не білуіміз керек?
Ішектердің жеке жүйке жүйесі бар. Ол мимен өзара әрекеттесетін 500 миллионнан аса нейроннан тұрады: бұл жұлындағыға қарағанда 5 есе көп.
Ішектер – микробтарға арналған үлкен үй. Әрбір адамда шамамен 100 триллион микроб бар. Олар иммунды жүйені тітіркендіріп, түрлі ауруларды шақырады. Ішектердің жағдайы сыртқы келбетке тікелей әсер етеді. Іштің кебуі, ісіну және бөртпе шығу – ішектер ауруларының салдары.
Күйзеліс гормонының жоғары деңгейі ішектер қабынуын шақырады. Сондықтан көпшілік адамның маңызды шараның алдында жүрегі айниды немесе іші ауырады.
Үрей мен депрессия да ішектер жағдайымен байланысты болуы мүмкін. Онда өмір сүретін түрлі бактериялар көңіл күйге әсер ететін биологиялық белсенді заттар бөледі.
А. Жапатова