- Негізгі бет
- Денсаулық
- Шайдың қандай пайдалы...
Шайдың қандай пайдалы екенін білмейсіз де: Қызық дерек
Шайды дұрыс іше білген адамның өмірі ұзарады. Шай ішпесеңіз де, оны басқа рационмен алмастыра аласыз. Ең бастысы құрамын білу қажет. Осылай дейді Австралия ғалымдары.
Эдит Коуэн университеті ғалымдарының айтуынша, шайдың құрамында адамға ең пайдалы қоспа – бұл флавоноидтар. Мұндай табиғи қоспа қара шай мен көк шайда көп болатын көрінеді. Алма мен жаңғақта, шоколодта, цитрус жемістер мен басқа жеміс-жидектің құрамында флавоноидтар болғанымен, оның пайдасы дәл шайдікіне жетпейді дейді зерттеу жүргізген ғалымдар.
Флавоноидтың пайдасы мынада. Адамның жүрегі мен құрсақ қуысын, адамның белі мен белден төменгі ағзаларын байланыстырып жататын құрсақ қолқасы деген жуан артериялық қан тамыры болады. Жүрек пен құрсақ қуысына оттегі тасиды. Осы жуан тамырда кальций көп жиналып, қан тамырын бітеп, қан-жүрек ауруларына әкеледі. Содан адам ерте қартаяды, ағзаларына қан жетпей, қоректік заттар бармай, қартаю басталады.
Ал флавоноид болса, осы қан тамырында көп кальций жиналып қалудың алдын алады. Кальцийді толтырмай шайып кетіп отыратын көрінеді. Ғалымдар сондықтан флавоноиды көп тағамдарды жеу керек деп кеңес береді. Ал флавоноидтың табиғатта ең көп жинақталған өнім – бұл шай.
Шайдағы флавоноидтың пайдасы басқа өнімдегі флавоноидқа қарағанда әлдеқайда пайдалы екенін автралия ғалымдары 881 қарт адамға (80 жастан асқан) тәжірибе жасап көз жеткізген. Зерттеу барысында мамандар шай ішкен адамдардың 36-39 пайызы құрсақ қолқасы кальцинозына ұшырамайтынын анықтады.
"Үлкен кісілердің көбі шай ішетіні белгілі. Сондықтан зерттеуіміздің нәтижесі шаймен байланысты болып шықты. Флавоноидты басқа өнімдерден де алуға болады. Біздің ойымызша, егде жастағы адамдар флавоноидты шай ішіп жинаса, жастар өзге өнімдерді тұтыну арқылы жинағаны абзал", - дейді зерттеу тобының жетекшісі Бен Парментер.
Шайдың пайдасын сезіну үшін дұрыс іше біліңіз
Қ. Слямбек