Сергу үшін не істеу керек?

Сергу үшін не істеу керек?
Фото: corrida-club.ru

Ашушаңдық, әлсіздік, ұйқышылдық...

1. А дәрумені жетіспеген кезде тері құрғайды. Шаштың түсі өңіп, жылтырлығынан айрылады. Иммунитет төмендеп, ағзаның ауруға қарсы тұру қабілеті азаяды. Бұндай кезде сәбіз, өрік, қызылша және куркума дәмдеуіші қосылған тағам жеген жөн. Ежелгі үнділіктер сүтке куркума, бал қосып қосып ішкен. Бұндай сүт көптеген жұқпалы және қабынбалы аурулардың алдын алуға септігін тигізеді.
2. Басыңыз айналып, құлағыңыз шуылдай ма? Бұл Вжәне Е дәрумендерінің, марганец пен калийдің жетіспеушілігінен пайда болады.
3. Көзіңіз қызарса, қараңғы жерге бірден үйренісе алмасаңыз, А және В2дәрумені жетіспейді.
4. Егер В12, В6, Р және селен жетіспесе, баста қайызғақ көбейіп кетеді.
5. Шашыңыздың түсі солғын, ұштанғыш болса, В9, С витаминдері жетіспейді.
6. Ұйқысыздықтың себебі— В тобы дәрумендерінің, калийдің, кальцийдің жетіспеушілігінен.
Dдәруменінің жетіспеушілігі әлсіздікке, бүйрек пен қан тамырларының проблемаларына әкеп соғады. Бұндай кезде сүт, сүт өнімдерін, жұмыртқа мен балықты молырақ жеу керек.
Теміржетіспеген кезде, ағза әлсірейді. Ал  йод жетіспеген кезде  ашушаңдық және ұйқышылдық пайда болады. Кальций жетіспеген кезде, шаш пен тырнақтың сынғыштығы,  магний жетіспеген кезде сіңірдің тартылуы және жүйкенің тозуы пайда  болады.
Егер кез келген жеріңізді соғып, көгертіп алып, ол көпке дейін қалыпқа келмесе, сізде С дәрумені жетіспейді. Сондай-ақ қызыл иек қанап, жүрек жиі қағып, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз де С дәрумені тапшы болуы мүмкін.

Сергу үшін не істеу керек?
Дұрыс ұйқы — денсаулық кепілі. Күніне кем дегенде 8 сағат ұйықтап, түс уақытында мүмкіндік болса, бір мезгіл тынығып алғаныңыз дұрыс.

2. Көктемде ашық түсті киімдер киіңіз. Әдемі киім көңілді көтереді. Гардеробыңызда ашық түсті киімдер мен аксессуарлар көбірек болсын. Сарғыш түсті көйлек немесе орамал күйзелістен арылуға септігін тигізеді.

3. Шаршап жүрсеңіз сергудің ең тиімді жолы — моншаға түсу, ыстық ванна қабылдау. Мандарин немесе басқа да өзіңізге ұнайтын май қосылған хош иісті ванна қабылдасаңыз сергіп қаласыз.
Сергек жүрудің тағы бір құпиясы — көбірек қимылдау. Физикалық белсенділік жоғары болса, ауру-сырқаудан, әлсіздіктен ада боласыз.

Фитотерапияның пайдасы:
Көктемгі әлсіздіктен құтылудың бір жолы — дәрілік шөптерді ішу. Мәселен, әлсіздіктен құтылу үшін өгейшөп (мать и мачеха), қалақай (крапива) мен бақбақтың (одуванчик) жас жапырақтарын 1 литр суда қайнатып, оны күніне жарты стақаннан ішіп жүрсеңіз, тәуліктік витамин мен микро­элеменеттердің орнын толтырасыз. Бұл — С витамині, кальций, темір, фосфорға бай тұнба.
Сондай-ақ шаршап, бойыңызды енжарлық билесе  қарағай қылқаны (хвоя), шүйгіншөп (валериана), сасықшөп (пустырник) жапырақтарының қайнатындысы қосылған ванна қабылдау керек. Бұл  терінің көктемде түлеп, құрғап, қабыршықтануына жол бермейді. Әрі жүйкені тыныштандырып, ұйқыны жайландырады. Ал жақсы ұйқы ертеңгі күннің көңілді басталуына жол ашады.

Сарымсақ микробты жояды:
Көктемде сарымсақтың пайдасы зор. Ол В1 тобының дәрумендері мен С, Д дәрумені, йод, май, тағы да басқа заттарға бай. Оның құрамында ауру тудыратын микробтарды жоятын ерекше бактерицидтік заттар болғандықтан, ол медицинада кеңінен қолданылады. Жапон ғалымдарының пайымдауынша, сарымсақ адам миындағы қартаю процесін бәсеңдетіп,  оның жасушаларын тазартып отырады екен. Асқазан, ішек, жүрек аурула­рын емдеуге де сарымсақ пайдалы көрінеді. Қан айналымын реттейді, аурудың асқынуына жол бермейді.
Көктемде пайдалы тағамның бірі — пияз. Пияздың құрамында С дәрумені мен каротин көп. Көктемнің көкөніс шыға қоймаған кезеңінде пиязды ас мәзірінен түсірмеген жөн. Өйткені пияз ауру жұқтырмайтын және қырқұлақ ауруына  қарсы заттарға бай.

 

дереккөз: aktobegazeti.kz

Т. Есқали