- Негізгі бет
- Денсаулық
- Сен туралы жүрісің...
Сен туралы жүрісің айтып берсін
Адамның жүрісі денсаулығы жайлы мәлімет бере алады екен.Тіпті тәжірибелі дәрігерлер жүрісіңізге қарап-ақ тура диагноз қойып беруі мүмкін.
Асықпай басу
Питтсбург университетінің ғалымдары масштабты зерттеудің нәтижесін жариялады. Онда егер адам орташа есеппен 2 шақырымды бір сағатты жүріп өтетін жылдамдықпен жүрсе, өлім қаупі төніп тұрғаны жазылған. Себебі жүрек талмасы бар немесе басқа да созылмалы ауруға душар болған адамдар баяу жүреді.
Табанды жерге соғып басу
Мұндай жүріс көбіне асық жілік шыбығының зақымдалғанында байқалады. Егер табан жерге бейсаналы түрде, яғни басқарусыз сылтып түсер болса, онда зақымдалған аяқты көтеріңкіреп жүреді. Ал кейде мұндай жүріс омыртқааралық дискінің жарығы, біржақты амиотрофикалық склероз немесе бұлшық ет дистрофиясы сияқты ауыр дерттердің белгісі болуы мүмкін. Мұндайда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.
Сенімді қадамдар... (қыздарда)
Бельгия мен Шотландия ғалымдарының бірігіп жасаған зерттеуінің нәтижесі бойынша, егер қыздар (әйелдер) әр қадамын нық басып, сенімді жүрер болса онда, рухани ләззат алатын адам екендігі анықталған.
"О" формасындағы аяқ
Тізе қоспаларының осындай қалыпта дамуы варусты деформация деп аталады. Бұл қоспа ауруларына және де остеартрозға тән сипат.
"Х" формасындағы аяқ
Бұл жер бетіндегі ревматоид артритымен ауыратын 85 пайыз адамдарда болатын деформация. Бұл иммундық жүйенің ғылымға түсініксіз себеппен аяқ қоспаларын зақымдауынан туатын дерттің бір түрі.
Баланс. Тепе-теңдік
Қимыл іс-әрекетінің орнықты болмауы үш жүйенің аса белсенді болуынан туындайды: көру, вестибулярлық анализатор және проприцепция. Соңғы сөз «бұлшық ет пен қоспаны сезіну» дегенді білдіреді. Физикалық жетілмеген адамдарда бұлшық еттер мен қоспаларда болатын рецепторлар дамыдайды да, тиісінше, қадамды нық басу немесе жүгіру қиынға соғады.
Әлсіз діріл
Өзгенің көзіне көрінбейтін, бірақ адам жүруі кезінде сезетін діріл тек қарттарда ғана болмайды, бұл сонымен қатар Паркинсон ауруымен ауыратын адамдарда кездесетін белгі. Альцгеймер ауруына шалдыққан адамдар да дірілді сезуі мүмкін. Мұның себебі ми мен бұлшықеттің арасындағы жүйке жүйесінің дұрыс қызмет істемеуінен болып отыр.
Аяқтың ұшымен басу (екі аяқ та)
Адам негізінде бірінші тобықты жерге тигізеді, сосын ғана аяқ ұшымен келесі қадамға күш жұмсайды. Ал егер бұл жағдай керісінше болса, онда адамның церебралды салдануының бірінші белгілері болуы мүмкін. Десек те, енді ғана жүруді үйренген бөпелерде уақытша осындай іс-қимыл болуы ғажап емес. Ал егер оған күмәніңіз болса, балаңызды педиатрға көрсетіңіз.
Аяқтың ұшымен басу (бір аяқ)
Мұндай жүріс адамның жүрек талмасы ауруын бастан өткергендігін айғақтайды.
Бөксенің артқа қарай шығыңқы келуі
Егер адам жүріс кезінде бөксесі артқа қарай шығыңқы болса, онда аяқтарының ұзындығы бірдей еместігінен болуы мүмкін.
Ескерту: аталған белгілер бойыңыздан табылып жатса, міндетті түрде дәрігерге көріну керек.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: zdorovieinfo.ru
А. Құлтай