- Негізгі бет
- Денсаулық
- Секіртпе - саулық...
Секіртпе - саулық кепілі
Бала шағымызда секіртпеде секіріп ойнау қаншама қуаныш пен шаттық әкелуші еді. Кішкентай кездерді еске алып, секіртпені қайта хобби қылу - пайдалы істердің бірі екен. Неге десеңіз, мына себептермен танысыңыздар.
1. Секіртпедегі жаттығулар төзімділікті жаттықтырып, жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс жолдарының жұмысын жақсартып, қан айналымын реттейді.
2. Осындай жаттығудың бір сағаты сізді 720 ккалдан арылта алады.
3. Секіртпедегі жаттығулардың эффектілігін жылдам жүгірумен салыстыруға болады.
4. Бұлшық еттерді жаттықтыратын жаттығулар тіпті целлюлитпен күресте өте пайдалы бола алады.
5. Егер сіз спортқа құмар жан болсаңыз, ширату жаттығулары ретінде секірпеден секіруді таңдаңыз. 5-10 минут жаттығу денеңіздің бүкіл бұлшық еттерін ширатып шынықтырады.
6. Жүгіруді жақсы көрмейтін жандарға жақсы жаналық: секіртпеден секіру жүгіруге жақсы балама. Орта қарқында 10 минут секіру 3 километрлі қашықтықты жүгіргенмен тең болады.
7. Физикалық жаттығулардың осындай түрі бұлшық ет координациясы мен ептілікті дамытады. Айта кетсек, боксшы жігіттер дәл осындай жаттығу түрін таңдайды екен.
Секіртпе - спорт пен физикалық жаттығулардың арасындағы ең оңайы. Ендеше ауыр спорт түрлері мен қиын жаттығулардың орнына осы жеңіл ойынды таңдап, денеңізді шынықтырып, саулықта сақтаңыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: health.allwomenstalk.com
С. А