- Негізгі бет
- Денсаулық
- Сағынсаңыз, жылы жүреді...
Сағынсаңыз, жылы жүреді екенсіз...
Сағынған адам ешқашан тоңбайды дейді ғалымдар. Олар адамның сағыныш сезімін зерттей келе, дене бойындағы температураны өлшеген екен.
Еріктілер ғалымдардың айтуы бойынша 30 күн бойы әлдекімді, әлденені сағынып, бұл сезімін өткеруі тиіс болған. Нәтижесінде адамдар көбіне суықтаған кезде ғана сағыныпты.
Екінші зерттеуде еріктілер үш топқа бөлініп, әр түрлі температурадағы бөлмелерге кірген. (суық – «-20», қалыпты – «+24», ыстық – «+28»). Бұл кезде ғалымдар адам ми талшықтарының жұмыс қабілетін арнайы құралдар арқылы бақылаған. Нәтижесінде «-20» градус суық бөлмеде отырған адамдардың ми жұмыс қабілеті басым болған.
Ал зерттеудің үшінші бөлігінде арнайы әсем әуен қолданылған. Музыка тыңдаған адамдар санасындағы сағыныш суреттерін анық көре алғанын айтқан. Олар ән мен сағыныштың арқасында суықтамаған болып шықты.
Ақтық бөлімде еріктілер суық суға қолын салып тұруы керек болған. Ал өткенді еске алушылар бұл сынға жәй ғана ойланып тұрған адамдардан ұзағырақ шыдай алған екен. Саутгемптон университетінің ғалымы Тим Вайлдшат жоғарыдағы зерттеулерді жасай келіп, адам баласының психикасындағы жайлылық (комфорт) физикалық жайлылыққа алып келеді деген шешім шығарды.
Қаншалықты рас-өтірігін дәп басып айту қиын. Десек те, сағынып жүріңіздер дегіміз келеді...
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: seti.ee
А. Құлтай