- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ірімшік пен сүзбені...
Ірімшік пен сүзбені немен қосып жеуге болмайды?
Фото:
kleo.ru
Ірімшік пен сүзбе – пайдалы ауқаттың бірі. Көбі күнделікті тұтынғанды жөн көреді. Бірақ оны дұрыс жемесек, пайдасын сезіне алмасымыз хақ.
Ендеше ірімшікті немен қосып жеуге болмайды, мамандардың айтып жүрген пікіріне құлақ асайық.
Мамандардың айтуынша, ірімшікті шай не кофемен қосып жеуге, ішуге болмайды. Себебі шай мен кофенің құрамында танин атты зат болады, ал ол ірімшіктің құрамындағы пайдалы заттардың бәрін жойып жіберуі мүмкін.
Шай мен кофені тамақ ішкеннен кейін бір сағаттан соң ішкен дұрыс.
Мамандардың пікіріне сүйенсек, ірімшікті жеміс-жидек, көкөніспен, нанмен қосып жеуге болады. Сондай-ақ ірімшікті барынша түске дейін жеп алған жөн. Сонда пайдасы көбірек болмақ.
Қ. Слямбек