- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ревакцинация жасау міндетті...
Ревакцинация жасау міндетті бола ма?
Ревакцинация әр адамның қалауы бойынша салынады. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулықбасқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Лаура Мырзағали ревакцинацияға байланысты шешімді әр адам өзі қабылдауы керегін айтады.
"Ревакцинация әр адамның өз қалауы бойынша болады. Әлемде ушығып тұрған жағдайға байланысты әр адам жауапкершілікті өзіне алып, шешім қабылдауы керек. Ревакцинация кім алғысы келеді, сол адам салдырады. Бүгінде вакцинаның негізгі дозасын алмағандар да бар. Олар да ауруханаға түсіп жатыр. Сондықтан вакцинация процесі басқа аурулар кезінде алған екпе секілді. Егер адамның иммунитеті төмен болса, жиі ауырса, әрине, ревакцинация жасаған дұрыс. Коронавирус ешқайда кетіп қалған жоқ. Ол жалғасып жатыр", - деді басқарма басшысы ӨКҚ брифингінде.
Еске салайық, Қазақстанда ревакцинация 22 қарашада басталады.
Ревакцинацияны 6-9 айдан кейін жасау ұсынылды, оның ішінде:
♦ векторлы вакцина (Спутник) салдырғандарға - 9 айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНҚ-вакцина (Pfizer) салу ұсынылады;
♦ инактивтелген вакцина (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) салдырғандарға - 6 айдан кейін векторлы (Спутник) немесе м-РНҚ-вакцина (Pfizer) салдыру ұсынылады;
♦ м-РНҚ вакцина (Pfizer) салдырғандарға - 6 айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлы (Спутник) вакцина салдыру ұсынылады;
♦ вакцина курсынан кейін коронавирус жұқтырғандарға - аурудан айыққаннан кейін үш айдан соң салдыру ұсынылады.
Т. Раушанұлы