- Негізгі бет
- Денсаулық
- Пайдасы мол 8...
Пайдасы мол 8 сусын
Дәрігерлер мен мамандардың айтуынша, осы 8 сусын адам ағзасына ерекше пайдалы екен.
Көк шай Көк шайдың құрамында флаваноид, полифенол мен антиоксиданттардың саны көп болғандықтан, ол еркін радикалдарды бейтараптайды, сүйекті бекітеді, жүрек-талма ауруларынан қорғайды және қатерлі ісік ауруының қаупін төмендетеді. |
Жалбыз шайы Бұл сусын асқорыту жүйесін ретке келтіріп, қорытуды жеңілдетеді. Сонымен қатар, жалбыз шайы бұлшық ет ауруларынан жазу қасиетіне ие. |
Майлылығы аз сүт Сүт ұзақ мезгілге дейін тәбет шақырмай, артық салмақтан арылуға көмектеседі. Сүттің құрамында күрделі көмірсулар, ақуыздар, кальций және В дәрумені бар. Майлылығы 1% сүтті ішсе де, жеткілікті екен. Соя сүті Соя сүті қандағы холестериннің деңгейінің өсуі есебінен жүрек-талма ауруының үдеуінің бетін қайтарады. Алайда сиыр сүтін соя сүтімен толықтай алмастыруға болайды. Ондай жағдай кальций мен А және D дәрумендерінің жетіспеушілігіне әкеліп соғады. |
Ыстық шоколад немесе какао |
Қызанақ шырыны |
Мүкжидек шырыны Бұл шырынның пайдасы жөнінде ғалымдар көп нәрсе айтқан. Ол ас қорыту және зәр шығару жүйелерінде болатын індеттерден қорғайды. Сонымен қатар, мүкжидек шырыны тіс иегіндегі ауруларды болдырмайды және қандағы холестериннің деңгейін төмендетеді. |
Апельсин шырыны Апельсин құрамында кездесетін С дәрумені көптеген аурулардан: көз ауруынан және қатерлі ісік ауруынан қорғайды, иммунитетті жоғарылатады. Дәрігерлер жүктілік кезінде апельсин шырынын ішуді әдетке айналдыру керек дейді. |
Сурет:teamoty.com, alfarabinur.kz, mjata.ru, hochu.ua, loveyourreflection.net, inmoment.ru, zarubezhom.info, rln.fm.
С. А