- Негізгі бет
- Денсаулық
- Пайдалы 13 шай...
Пайдалы 13 шай
Шай ішу - қыста жылынудың бірден бір амалы. Үйреншікті қара, жасыл шайлардан жалықсаңыз, жөке, жалбыз, итмұрын, раушан, бақбақ және басқа да өсімдіктерден әзірленген шай ішіп көріңіз.
Сонымен, пайдалы 13 шай:
Тасшөп (чабрец)
Бұл өсімдіктің шайы тұмау, асқазан, бүйрек аурулары кезінде пайдалы. Ол несеп айдағыш құрал болып саналады, қан аздығы, ұйқысыздық, ревматизм кезінде мықты дауа.
Түймедағы шайы
Түймедағы жүрекпен қиындықтары бар жандарға таптырмас дәрі. Сондай-ақ тұмау, жөтел кезінде жақсы көмектеседі.
Итмұрын
Итмұрын шайы антиоксиданттар, флавоноидтер, дәрумендер (С, К), минералдарға бай. Диарея ауруы кезінде ішуге кеңес береміз.
Беде (клевер)
Беде шайына бал қоссаңыз, тұмауды кетіретін дәрі болады. Жалпы биде шайы бауыр тазартуға, әйел ауруларына жақсы дауа. Қант диабеті ауруына шалдыққандарға күнделікті ішуге кеңес береді.
Раушан
Раушан шайы көңілді көтереді, вирустарға қарсы әсері зор, сол себепті жалпы иммунитетті жоғарылатады. Айта кетсек, бұл шайды демдегеннен кейін бірден ішу керек, суыған раушан шайының емдік қасиеттері болмайды.
Жалбыз
Жалбыз шайы жүйкені тыныштандырып, асқорыту жүйесінің қиындықтарына төтеп бере алады. Ұйқыны реттеп, ауруды басады.
Фенхель
Асқорытуды реттейтін фенхель шайы іштің қабынуын басады. Бұл мақсатта осы шайды тіпті сәбилерге береді. Сондай-ақ жөтел кезінде көмектеседі.
Бүлдірген жапырақтары
Бүлдірген жапырақтарынан демделген шай қан тазартып, оның сапасын жоғарылатады. Жалпы ағзаны берік қылып, жүйкені тыныштандырады. Хош иісті шайға құрғақ бүлдірген жидектерін де қосуға болады.
Жыңжапырақ (тысячелистник)
Гастирт кезінде мыңжапырақ шайы - таптырмас дауа.
Бақбақ
Бұл шай бауырды тазартып, емдейді. Ішімдік, темекі, дәрілердің әсерінен арылтып, қалпына келтіруге көмектеседі.
Жөке (липа)
Жүйкеңізді тыныштандыратын, уайым-қайғыдан арылтатын шай. Ол қан қысымын төмендетіп, бас ауруларынан айықтырады. Тұмаудан профилактика ретінде ішсе болады. Алайда бұл шай жүрекке әсер ете алады, сондықтан оны күнделікті ішпеген жөн.
Лаванда
Бұл шайдың басты қасиеті - жүйке жүйесін тыныштандыру. Ол ұйқыңызды реттеп, күндіз сергек болуға көмектеседі. Ағзаны жалпы тазалау және бас ауруларын емедеу үшін қолданылады.
Османтус немесе қоңыр ағаштың гүлдері
Ағзадағы зат алмасу процесін реттеп, жөтел кезінде көмектеседі. Бұл гүлді шайды кәдімгі қара не жасыл шайға қосып та ішеді.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: thinkstock
С. А