- Негізгі бет
- Денсаулық
- Отбасылық салауатты өмір...
Отбасылық салауатты өмір салтын ұстанудың 5 әдісі
Ата-ананың жұмысбастылығы отбасы саулығына әсер етуі мүмкін. Жұмыстың көптігінен физикалық белсенділікке уақыт табу қиын. Сонымен қатар, дұрыс емес тіскебасарға үйреніп қалу, сырттан тамақ ішу, жиі теледидар немесе компьютер алдында отыру да бар. Алайда, бұл әдеттер өз денсаулыңығызға және балаларыңыздың денсаулығына қауіп тудырады. Сондықтан, уақытында тоқтап, барлығын қайта ойлап, салауатты өмір салтына байланысты дұрыс шешім қабылдай алу маңызды. Отбасыңызға салауатты өмір салтын ұстануға көмектесетін 5 әдіс ұсынамыз.
1. Әр күні белсенді болыңыз
Уақытылы физикалық жүктемелер балалар мен жасөспірімдердің сау өсуі, дамуы және өзін-өзі жақсы сезінуінде маңызды рөл атқарады. Олар күніне минимум 1 сағат физикалық жүктеме алуы керек. Аптасына 3 рет спортпен айналысуды жоспарлаңыз. Ата-ана үлгі болу керектігін ұмытпаңыз.
2. Су көбірек ішіңіз
Су – жеміс шырынына, газдалған және тәтті сусындарға қарағанда шөлді қандырудың ең керемет әдісі. Құрамында майы аз сүт – 2 жастан асқан балаларға құнарлы сусын және кальцийдің керемет көзі. Балаларға жеміс шырынының орнына балғын жемістер беріңіз немесе шырынды үйден дайындаңыз.
3. Көбірек жемістер мен көкөністер жеңіз
Күнделікті жемістер мен көкөністер жеу балаларға өсуге, дамуға, қуатын сақтауға және көптеген қатерлі аурулардың алдын алуға көмектеседі. Күніне 2 жеміс пен 5 көкөніс қолдануды әдетке айналдырыңыз.
4. Экрандарды сөндіріңіз
Теледидар немесе компьютер алдында отырып немесе жатып уақыт өткізу балалардың артық салмақ қосуына немесе семіздікке әкеледі. Балалар мен жасөспірімдер ойын үшін экран алдында күніне 2 сағаттан артық отырмауы тиіс. Сондықтан, гаджеттермен «қатынасты» минимумға түсіруге тырысыңыз.
5. «Құрғақ тағамды» аз жеуге тырысып, тіскебасар ретінде пайдалы тамақтар жеңіз
Пайдалы тіскебасарлар балаларға және жастарға құнарлы заттарға деген күнделікті қажеттілікті қанағаттандыруға көмектеседі. Жемістер мен көкөністерден, майлық үлесі төмен сүтті тағамдардан жасалған тіскебасарлар пайдалы балама болып келеді. Балаларға артық салмақ қосатын майға қуырылған картоп (чипсы), печенье, шоколад алмауға тырысыңыз.