- Негізгі бет
- Денсаулық
- Онкологтар мен радиологтар...
Онкологтар мен радиологтар сьезі онлайн өтуде
А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының дәрігерлері ТМД және Еуразия елдері онкологтары мен радиологтарының ХІ Съезіне қатысуда, - деп хабарлайды Орталықтың баспасөз қызметі.
25 сәуірге дейін жалғасатын ТМД және Еуразия елдері онкологтары мен радиологтарының ХІ Съезі онлайн өтуде. Оған Қазақстан, Ресей, Белорусь, Молдова, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан және тағы басқа елдерден 5 мыңға жуық маман қатысуда. Коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты бұл іс-шара алғаш рет онлайн режимде өткізіліп жатыр.
Бүгін осы съезде А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының бас ғылыми қызметкері Ж.Б. Баймаханов "Гепатоцеллюлярлық карцинома кезіндегі бауыр трансплантациясы" тақырыбында баяндама жасады.
Съезд онлайн кеңістікте онкология, хирургия, радиология, сәулелі терапия және т.б. салалар бойынша 3 000-нан астам жетекші мамандардың басын қосты.
Съезд қатысушылары телеконференция форматында бірқатар кәсіби мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты.
Н. Үсенова