Ақын, жазушы және белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов және оның әйелі коронавирус жұқтырғаны мәлім болды. Белгілі журналист Бигелді Ғабдуллин Facebook парақшасында Олжас Сүлейменов пен оның әйелі Маргарита Владимировна Алматыдағы медициналық мекемелердің бірінде емделіп жатқанын хабарлады.
"Бүгін, 14 қаңтарда арнайы бригада оларды коронавирус жұқтырған науқастарға арналған бұрынғы туберкулез ауруханасына апарды. Онда кіруге болмайды. Олжасқа қарағанда Маргарита Владимировнаның халі нашар. Дәрігерлер оларға көмектесуге тырысып жатыр, бір сөзбен айтқанда, қолдан келгеннің бәрін жасайды. Ақынның қызы Мадинамен сөйлестім. Оның айтуынша, алаңдауға айтарлықтай себеп жоқ, ем қалыпты жүріп жатыр", - деп жазды Ғабдуллин.
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Олжас Сүлейменов пен оның әйелі шынымен коронавирустық инфекцияға байланысты ауруханаға түскенін растады.
"Олжас Сүлейменов пен жұбайы РВ-90 ауруханасына жатқызылды. Олардан коронавирус анықталды. Алайда ерлі-зайыпты қазір жазылды. Ертең, 15 қаңтарда олар аураханадан шығарылады", - деді басқарма өкілі.
Олжас Сүлейменов пен әйелінің жағдайы жақсарғандықтан, оны 2021 жылы 15 қаңтарда үйде күтім жасау үшін емханадан шығаруды жоспарлап отыр.