- Негізгі бет
- Денсаулық
- Неліктен кей адамдар...
Неліктен кей адамдар құшақтасқанды ұнатпайды?
Құшақтасқанды ұнатпайтын адамдарға әр кездесу қиын көрінеді. Себебі, кездейсоқ көріп қалған таныс адамыңыз кенеттен құшақтап алуы әбден мүмкін. Сізге бұл проблема таныс болса, құшақтасқанды ұнатпайтын адамдар туралы ғалымдардың ойына назар салыңыз.
Құшақтасуға адамдар неліктен әртүрлі қарайды?
Сарапашылардың ойынша, көп нәрсе тәрбиеге байланысты болып келеді. Зерттеулер бойынша, балалық шағында оны ата-анасы немесе туыстары жиі құшақтаған адамдар өскенде де құшақтағанды ұнатады. Егер ата-анасы көп жақындамай, сирек құшақтаған болса, өскенде басқа адамдардың нәзіктік білдіргісі келуі оған ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Бірақ, ата-ананың тым көңілшек қатынасының кейде кері әсер береді. Себебі, кей балаларға көңіл бөлу жетіспегендіктен өскенде құшақтасуға әуес келеді.
Сонымен қатар, өзін өзі бағалау да маңызды рөл атқарады. Себебі, айналадағылармен физикалық байланысқа ашық адамдар, әдетте, өздеріне сенімді адамдар болып келеді.
Баланы жиі құшақтау керек пе?
Нотр-Дам Университетінің профессоры Дарси Нарваестің айтуынша, ата-анасы көп жақындамаған баланың жүйкесі дамымай қалуы мүмкін. Сондықтан бала махаббатты, аяушылық білдіруді және байланыс қажеттілігін толықтай сезінбеуі мүмкін.
Құшақтасу денсаулыққа пайдалы ма?
Иә, ол иммунитетті көтеруге көмектеседі. Тіпті, осыған байланысты зерттеу де бар. Оны жиі құшақтаған адамдар тұмаумен 32% сирек ауырған. Оның басты себебі – махаббатты сезіну, ол күйзеліс деңгейін азайтады.
Құшақтағанды ұнатпау сезімін қалай жеңуге болады?
Сізді біреудің құшақтағандығы ұнамаса да, ыңғайсыздық сезіміне қарамастан, аздап шыдаңыз. Кішкене соң жеңілдік сезінесіз. Тіпті, кейбіреулер осы уақытқа дейін құшақтаудан бас тартқанына өкінеді екен.
А. Жапатова