- Негізгі бет
- Денсаулық
- Неліктен жердегі жапыраққа...
Неліктен жердегі жапыраққа жатуға болмайды?
Дәрігер, аллерголог-иммунолог Владимир Болибоктың айтуынша, күзде адамдар жапырақтардың түсуінен туындаған аллергияға шалдығады. Бұл, әсіресе, көгеруге реакциясы бар науқастарға қатысты.
"Зең споралары – табиғи аллерген. Олар жерде жатқан және жаңбырда шіріген жапырақтарда кездеседі. Содан кейін оны күн жылытады, осылайша көгеру пайда болады", - деді Болибок.
Дәрігер жалпы, жердегі жапырақтарда жату романтикалық сәт сыйлағанымен, ол сау адамның да денсаулығына кері әсер ететінін айтады.
"Қабыну процесі ағзада көгерген споралардың көп болуына байланысты іске қосылады. Егер адам осының бәрін жұтса, онда тыныс алу жолдарында және өкпеде көгеру инфекциясы дамиды. Бұл дегеніміз жапырақтарда жату аллергиямен ауыратындар ғана емес, сау адамдарға да қауіпті", - дейді дәрігер Sputnik радиосына берген сұқбатында.
Жапырақтармен суретке түсу және құлаған жапырақтарды лақтыру сүйкімді көрінетін шығар, алайда, бұл шынымен де адам ағзасында күрделі мәселелерді тудырады екен.
Оның алғашқы белгілері мұрынның бітелуі мен көздің сулануы, көздің ауыруы мен қышуы, жөтел, кеудеде сырыл пайда болып, түшкіру.
Т. Раушанұлы