- Негізгі бет
- Денсаулық
- Не үшін ұсталған...
Не үшін ұсталған ойыншықты алуға болмайды?
Баланың ойыншығы арзан тұрмайды. Кез келгеннің қалтасы көтере бермейтіні тағы бар. Сондықтан кейде өзгенің ойыншығын алып өз баламызға беріп жатамыз. Алайда Гетерборг университеті (Göteborgs universitet) мамандары бұл дұрыс емес дейді.
Эксперттердің айтуынша, пластиктен жасалған ойыншықтардың көбі балаға зиян. Егер бүкіл ойыншықтарды 100 пайыз деп алсақ, оның 84 пайызы балаға зиян ойыншықтар көрінеді. Улы химиялық заттар көп құрамында.
Мамандар ескі және жаңа ойыншықтардың химиялық құрамына талдау жасап, жаңа ойыншықтардың 30 пайызына жуығы зиян екенін, ал ескі ойыншықтардың 80 пайыздан астамы зиян екенін анықтаған. Ал одан ескі ойыншықтардың кейбірінде тіпті улы заттардың концентрациясы 400-ге дейін жеткендері бар көрінеді. Бұлар "жойылмайтын химикаттарға" жатады. Яғни, ағзада жылдар бойы жүре беретін улы заттар.
Кейде экобелсенділер жаңа зат алмай, ескі затты біріне-бірі беріп, үнем жасайтыны бар. Алайда баланың ойыншығына келгенде, мамандардың айтуынша, мұндай экоәдетке салынып қажет емес. Ескі ойыншықтарды ауыстырып, бір-біріне беріп үнемдеуден пайда жоқ көрінеді.
Қ. Слямбек