- Негізгі бет
- Денсаулық
- Науқасқа жедел көмек...
Науқасқа жедел көмек көрсете біліңіз!
Жаз – демалыс кезеңі. Алайда денсаулыққа көбірек зиян келетін де жағдайлар да осы мезгілмен тұспа-тұс. Бұл мезгілде, әсіресе, алаңсыз демалатын балалар зардап шегіп жатады. Сондықтан жазда барынша абай болып, жайсыздыққа кенелген сәтте бірден әрекет етуге көшу керек.
Сонымен, егер сіздің немесе отбасыңыздағы біреудің...
Басынан күн өтсе (белгілері: әлсіздік, жүрек айнуы, бас айналуы) – тез арада денені салқын дымқыл шүберекпен сүртіңіз немесе салқын душ қабылдаңыз, басқа салқындататын таңғыш тағыңыз (маңдайға және желкеге). Суық, сәл тұзды су (1 л суға 2 шай қасық тұз) ішіңіз. Науқасқа жалбызды кәмпит немесе валидол (оларды тілдің астына салу керек) беріңіз. Бастан күн өту жайлы толығырақ мына жерде.
Жәндік тістеп алса және ағза аллергиялық реакция берсе (белгілері: ісу, қызару, қышу) – антигистамин препараттарын ішіп, зақымданған аймаққа мұзды компресс жасау керек. Егер науқастың дем алуы қиындаса, міндетті түрде оны шалқасынан жатқызыңыз. Сонымен қатар мұрнына қан тамырын тарылтатын тамшыларды тамызыңыз.
Күнге күйіп кетсе (белгілері: терінің қызаруы, ашуы) – дымқыл орамалмен салқын компресс жасап, пантенолды, алоэ сығындысы бар ылғалдандыратын крем жағу керек. Күніне 2,5 литрге дейін су ішу қажет.
Тағамнан уланып қалса/ішек инфекциясына ұшыраса (белгілері: іштің өтуі, бүруі, іштің кебуі, жүрек айну) – ішектегі инфекциялық үдерісті тоқтату қажет (көбіне іш өту мен басқа да жағымсыз белгілер ауру тудыратын микроағзалардың салдарынан болады). Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Сурет: www.gensovety.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина