- Негізгі бет
- Денсаулық
- Мұрын шұқу мен...
Мұрын шұқу мен мұрынбоқ "жеудің" зияны қандай?
Бала күнімізде бәріміз мұрын шұқып, мұрынбоқ "жегеніміз" жасырын емес. Бәріміз істедік оны. Мұрын шұқу қалыпты әдет, бірақ мұның да бір зияны бар екен, соған тоқталып өтейік.
Әсіресе, балалар мұрын шұқуға құмар келеді. Әлі орта мен әлемді танымаған, әлеуметтенуден, бейімделуден өтпеген, ұяттың не екенін әлі біле қоймаған бала үшін бұл – күнделікті әдет. Бірақ бұл әдеттің өмір бойы қалып қоймауы керек.
Мұрын шұқу зиян
Мұрын – адамның тыныс алу мүшесі. Бүкіл тыныс алу жүйесінің басында тұрған цикл. Мұрынның табиғи биологиялық фильтр екенін бәріміз білеміз. Сырттан келген шаң-тозаң мен аллергендерді ішкі ағзаға жібермей ұстап қалады. Ондай аллергендер еніп кетсе, адамның астмасы ұстауы, өкпесі қабынуы мүмкін.
Мұрын ішіндегі шырышты қабық тіпті вирус пен бактерияларды да ұстап қалады екен. Әсіресе, қорғасын, асбест, тозаң сынды патогендерді ішке жібермейді. Бір қызығы мұрында адамның иммунды жүйесімен байланысып жатқан антидене, фермент сынды қорғаныс құралдары да бар көрінеді.
Арғы жағын енді өзіңіз ойлап көріңіз. Мұрын ішке жібермей ұстап қалған патогенді сіз қолмен шұқып, ол қолды жумай, қауіпті аурудың таралуына себепші болуыңыз мүмкін. Ең ақыры мұрынбоқты жеп қойсаңыз, ол микроб пен аллергендерді ішке жібердіңіз дей беріңіз. Одан кейін ауру тууы мүмкін. Адам ұшынуы, улануы да ықтимал.
Мұрынбоқ деген не?
Мұрынбоқ деген – ол кәдімгі микроб. Сары түсті стафилококк (S. aureus) деп аталады.
Егер мұрынды шұқи берсеңіз, оның ішінде осы стафилококтің түрі көбейіп кетуі мүмкін. Стафилококк саусақпен бірге жабысып, жараға барып түссе жақсы емес. Әсіресе, мұрын шұқып жатып, қанатып алуыңыз әбден мүмкін.
Осылардың бәрін айта келе, мұрын шұқудың зиян деп айтқымыз келеді. Әйтпесе инфекция таратып, пневмонияға тап болуыңыз да мүмкін. Мұрын шұқу деген әдет болса, барынша ерте қойғаныңыз жөн.
Қ. Слямбек