- Негізгі бет
- Денсаулық
- Мойныңыздағы ауырсыну сезімінен...
Мойныңыздағы ауырсыну сезімінен арылғыңыз келсе #2
Бұған дейін мойын ауруының себебін, оны қалай қалпына келтіруге болатындығы туралы жазған едік. Енді назарларыңызға емнен кейін қандай рәсімдер жасау керектігін ұсынамыз.
1. Дұрыc ұйықтаңыз. Егер ұйқыдан тұрған соң, мойныңыздың ауырғанын сезсеңіз, түнде дұрыс жатпағаныңыз. Мұның алдын алу үшін бұдан былай терезені жауып ұйықтаңыз.
2. Жастығыңыз үлкен де, кіші де болмасын. Тіпті екібетінен жатуды ұнататын жандар да жастықты пайдаланғандары абзал.
3. Жұмыс орныңыздың дұрыс болуын қадағалаңыз. Отырған кезде табаныңыз міндетті түрде толығымен жерге тиіп тұрсын. Ол үшін орындығыңыздың биіктігін жөндеңіз.
- Әрдайым қозғалыңыз. Күні бойы отыра бермей, арасында тұрып бой жазыңыз;
- Тұруға уақыт табыңыз. Әр сағат сайын 5 минут уақыт тауып, бой жазыңыз. Әріптесіңізбен сөйлесіңіз;
- Мүмкін тұрып жасауға болатын жұмыстарыңыз да бар шығар.
4. Медитация техникасын пайдаланыңыз. Бар назарыңызды қалай тыныс алатындығыңызға аударып, эмоцияңызды саралаңыз.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: wikihow.com
Қ. Бүйенбай