- Негізгі бет
- Денсаулық
- Миллениалдар – денсаулығы...
Миллениалдар – денсаулығы ең осал толқын
Миллениалдар қатарына 1981-1996 жылдар аралығында дүниеге келген адамдар кіреді.
Blue Cross Blue Shield Association (BCBS) тәуелсіз сақтандырушылар Федерациясы зерттеу жұмысын жүргізіп "Миллениалдар – денсаулығы ең осал толқын" деген қорытындыға келген.
32 беттен тұратын зерттеу қорытындысында "1981 мен 1996 жылдар аралығында туғандар X толқын өкілдеріне қарағанда денсаулығын тым ерте құртады және олардың арасындағы өлім көрсеткіші 40%-ға жоғары" деп жазылған екен.
Олар жиі шалдығатын аурулар қатарында гипертония, холестериннің шамадан тыс көп болуы, сондай-ақ күйзеліс, мазасыздық пен өзгелердің назары жетіспеушілігі синдромы секілді бұрын-соңды болмаған түрлі психикалық аурулар бар.
Y буынына жататындар арасында өз-өзіне қол жұмсаушылар мен нашақорлар да көп екен. Зерттеу нәтижесі бойынша, 30-39 жас аралығындағылар қатерлі ісіктен гөрі есірткі қолдану мен өзге де зиянды әдеттер салдарынан жиі өлім құшып жатады.
BCBS хабарлауынша, бұл жағдай денсаулық сақтау саласына кететін шығын мөлшерін күрт арттырып отыр. Мысалы, миллениалдар емделу үшін "Х толқыны" дәл осы жаста болған кезге қарағанда 33%-ға көбірек ақша жұмсаған (шамамен әр адам жылына $4500 жұмсайды).
"Аурушаң буын өкілдері адамзат дамуына ең аз ықпал еткен толқын болады" делінген екен Федерацияның зерттеу жұмысында. Сондай-ақ, 1981-1996 жылы дүниеге келгендердің басқаларға қарағанда көп пайызы жұмыссыз әрі қайыршының күнін кешіп жүр.
А. Оралқызы