- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ми да мың...
Ми да мың құбылады
Адамның миы жыл мезгіліне қарай жұмысына да «өзгеріс» енгізеді екен. Бельгиялық оқымыстылар осыған көз жеткізіпті.
Олар жылдың әр мезгілінде 28 адамды бақылап, ми қызметтерін сынап отырған. Тіпті әр маусымда 4-5 күн бүкіл әлемнен оқшаулап, арнайы зертханада отырған. Сырттағы ауа райы түгілі, жарықты да көрмегендердің ми көшірмесі жасалған. Сөйтіп мидағы ақпарат алмасу, деректерді сақтау, әр нәрсеге назар аудару секілді қасиеттер тізімделген.
Нәтижесінде ғалымдар тек мидың өнімді жұмыс істеуі ғана жыл он екі ай бір қалыпты болатындығын анықтады. Тек бір бөлігі ғана белсенділігін арттырады екен. Мәселен жазда күн қызуы артатын маусым айы және қыста қызуы әлсірейтін желтоқсан айынан бастап, біраз уақыт мида қозғалыс белсенділігі пайда болады.
Дереккөз: aikyn.kz
Н. Үсенова