- Негізгі бет
- Денсаулық
- Медицинаны өзгерткен әйелдер...
Медицинаны өзгерткен әйелдер
Медицинаға өзгеріс әкеліп, өздерінің өнертабысымен миллиондаған адамның өмірін сақтап қалған әйелдерді ұсынамыз.
Мария Кюри – радийді ашу
Жүз жыл бұрын «радиоактивтік» сөзін ешкім білген жоқ. Оны Мария Склодовская-Кюри ойлап тапты. Радий жаңа элементінің сиқырлы қасиеттері болды. Ол осы қасиетті радиоактивтілік деп атады. Бір жылдан соң Мария Нобель сыйлығын алған алғашқы әйел болды. Бірінші Дүниежүзілік соғыс жылдары ол мобильді рентгенографикалық аппараттар мен радоны бар іші қуыс инелер ойлап тауып, миллионға жақын жараланған жауынгерлердің жұқтырған дене бөліктерін залалсыздандырған.
Розалинд Франклин – ДНҚ құрылымының суреті
Дәрігер Франклин рентген көмегімен ДНҚ құрылымын суретке алғаш болып түсіріп, оның пішіні шиыршық деп болжады. Розалинд бірден осы мақсатта ізденіп жүрген бірнеше ғылыми институттардың алдына шықты. Алайда, «ДНҚ-ханымы» жиі сәулелендірудің себебінен ісік ауруына шалығып, жаңалық ашқан соң, көп ұзамай қайтыс болды. Оның негізінде Фрэнсис Крик, Джеймс Уотсон және Морис Уилкинс Нобель сыйлығын алды. Ал Розалинд аманаты ұмытылды. Біреулер бұл тек сәтсіз жағдай десе, басқалары оның әріптестері суретті ұрлап алған деп ойлайды.
Кристина Нюсляйн-Фольхард – эмбрионның дамуына әсер ететін гендерді ашу
Биолог Нюсляйн-Фольхард Эрик Вишауспен бірге мыңдаған жеміс шыбындарының гендерін тексеріп, бір жасушадан толық ағза шығатынын дәлелдеген. Сонымен қатар, олар мыңдаған жәндік-мутанттар балалатып, осы ауытқуларға қандай ДНҚ бұзылуы жауапты екенін анықтаған.
Кейінірек адам ұрығындағы өзгеріс те осыған ұқсас тәсілмен жүретіндігі анықталды. Енді Нюсляйн және Вишаус зерттеулері түсік пен баланың дүниеге ауытқумен келу қаупін төмендетеді. Ол өз еңбегі үшін Нобель сыйлығын алды.
Гертруда Белл Элион – көптеген ауруға қарсы дәрілер шығару
Бұл әйелсіз фармакология әлемі тіптен басқаша болар еді. Безгектен, ұшықтан және құяңнан емдейтін дәрі болмас еді. Ол аққандылықпен де күресетін дәріні ойлап тапты. Ол басқа да көптеген дәрілерді ойлап тапты және оның қасында дәрілерді зерттеу кезінде көп бөлігінде еркек-ғалымдардың болғаны да рас.
Барбара Мак-Клинток – мобильді гендер
Барбара өз өмірін жүгеріні зерттеуге жұмсады. Сол үшін оны ғалымдар қоғамдастығы есуас деп санаған. Оны есі ауысқан Барбара деп атайтын болған. Бірақ ол мұндай әңгімелерге мән бермей, жүгеріні зерттеуді тоқтатпаған. Бір күні ол көкөністің ДНҚ-сында секірмелі гендердің бар екендігін анықтап, әріптестеріне хабарлаған.
Отыз жыл бойы оған ешкім сенбеген. Тек 1980 жылдардың басында технологияның дамуына байланысты ғалымдар шынымен де секірмелі гендердің болатынын анықтады. Одан кейін адам ДНҚ-сында шамамен жартысы сондай екенін біліп, Барбараға Нобель сыйлығын берді.
Содан бері ғалымдар қозғалмалы гендер себепші болуы мүмкін жүзге жуық ауруларды (өкпе аурулары, балалар аутизмі, ерлер бедеулгі және т.б.) анықтады.
Нетти Стивенс – жыныстық хромосомалар
Стивенс өткен ғасырдың басында хромосомалар аталық және аналық болатындығын жазып қойған. Көпшілік бұл жаңалықты ашқан оның ұстазы Эдмунд Уилсон деп есептейді. Себебі ол да оған ұқсас зерттеу жүргізген. Бірақ Нетти әйелдерде екі үлкен ХХ-хромосома болатындығын бірінші анықтап, ұн қоңызынан Y-хромосоманы тапты. Оның жаңалығының әсерінен Уилсон өз жұмысына түзету енгізді. Ал Нетти Стивенс ғылымға үлесін ресми мойындаған ең алғашқы генетик әйел болды.
Джеймс Барри – кесарь тілігі
Медицина әлеміндегі атақты әйелдер тізімінде неліктен ер адам есімі жүр? Себебі XIX ғасырдың басында әйел адамның ғылыммен айналысқаны әдепсіз болып саналатын. Өмірін медицинаға арнағысы келген Маргарет Энн Бакли еркектік лақап атпен медициналық факультетке оқуға түседі.
Джеймс Кейптаундағы ағылшын мекенінде хирург болып жұмыс істеді. Ол медицинаны дамытты, індетпен күресті, алыс ауылдарға дәрі-дәрмектер тасыды және Африка бойынша ең бірінші кесарь тілігін жасап, әйел мен бала өмірін сақтап қалды. Джеймстің әйел екенін тек ол өлген соң, денесін жерлеуге дайындау кезінде ғана білген.
А. Жапатова