- Негізгі бет
- Денсаулық
- Маса шаққанда қышымас...
Маса шаққанда қышымас әрі ауру жұқпас үшін не істеу керек?
Фото:
grizun-off.ru
Маса шаққан жерді тырнап қасудың қажеті жоқ. Оның орнына спирт жағып, антисептикпен жууға болады. Тағы бір амалы бар: уксус ерітіндісін, не болмаса ас содасын суға ерітіп жағуға болады.
Мамандардың айтуынша, маса шаққан жерді қышуға болмайды: қасыған сайын адамның аллергиясы ушығуы мүмкін не масамен келген инфекция ағзаға түсіп кетуі ғажап емес.
Ұышып дуылдап тұрған жерді, жоғарыда айтылғандай, спирт пен антисептик, уксус пен ас содасы ерітіндісін тамызып дуылды қайтаруға болады.
Бірақ уксус пен ас содасы ерітіндісін көп тамызып жіберуге, жағып тастауға болмайды. Дерматитке әкелуі мүмкін.
Бір ыстақан суға бір шай қасық сода салып ерітсеңіз жеткілікті. Ал уксусқа келсе, суға 3 пайыздық асқа арналған уксустан шай қасықтай құйсаңыз болғаны.
Қ. Слямбек