- Негізгі бет
- Денсаулық
- Мандариннің зияны...
Мандариннің зияны
Жаңа жыл мерекесі жайлы естігенде ойыңызға бірінші не келеді? Отбасымен дастархан басында жиналу, мерекені күту, демалыс және мандарин. Қыс жақындағанда мандарин елімізде ең көп тұтынатын жеміске айналады.
Мандариннің пайдасы жайлы көп естідік. Иммунитетті көтеріп, ағзадағы токсинді заттардың шығуына ықпал етеді. Оның үстіне мандарин жеген адамның көңіл-күйі де көтеріле түседі. Хош иісін айтсаңызшы. Дегенмен біздің сүйікті жемісіміздің денсаулыққа кері әсерін беретін тұстары да бар.
Суық күнде денсаулығымыз әлсірей түседі. Бойымызға күш-қуат жиып, көбірек витамин алу үшін жеміс-жидектің дастархан басында тұрғаны дұрыс. Мандариннің құрамында калория аз, оның үстіне С витаминіне бай. Диетолог дәрігерлер күніне төрт мандариннен жеуге кеңес береді. Алайда цитрусқа аллергиясы бар адамдарға мандарин жеуге болмайды.
Сондай-ақ мандаринді аш қарынға жеу денсаулыққа зиян келтіретінін ұмытпаңыз. Мандаринді кешкі ас кезінде не ұйықтар алдында жегеннен гөрі таңертең немесе түсте тұтынған абзал. Жемес бұрын жылы суға бір шайып алуға да кеңес береміз. Өйткені жеміс ұзақ сақталуы үшін түрлі химикаттармен өңделген болуы мүмкін.
Мандариннің қабығы да пайдалы. Онда антиоксидант көп болады. Ал цитрусты бөліктерге бөліп тұратын ақ талшықтардың құрамында қабынуға қарсы мықты әсер ететін лаваноид нобилетин бар.
Дегенмен әр нәрсенің шегі бар. Мандаринді көп жесеңіз, аллергиялық реакция өршіп, қарынның ісінуіне, асқазан-ішек жолындағы созылмалы аурулардың асқынуына әкеп соғады.
А. Рысдәулет