- Негізгі бет
- Денсаулық
- Мамандар смартфонның психикаға...
Мамандар смартфонның психикаға кері әсері барын анықтады
Ғалымдар смартфондардың адам психикасына кері әсері барын анықтады. Басылымның жазуынша, телефонға келетін қоңыраулар мен хабарламалар күйзеліс гормондарын іске қосады да, қорғаныс реакциясын оятады.
Америкалық студенттердің 89% телефон сөніп тұрса да, қоңырау келгендей болып тұратын "елестер" мазалайды деп шағымданған. Ал америкалықтардың 86% электрондық пошта мен әлеуметтік желіні үнемі тексеріп тұратынын айтады.
Эндокринолог Роберт Люстигтің сөзінше, телефонға келетін хабарламалар миды үнемі күйзеліс пен қорқыныш жағдайында болуға "үйретеді". Бұл жоғары когнитив қызметіне (ерік, абстаркт ойлау, өзіндік қабылдау мен метасанаға) жауапты мидың префронтал қабатының толық жұмыс істей алмауына соқтырады.
Ғалымдардың пайымынша, адамдардың 97,5% міндетті бір уақытта шынайы түрде атқара алмайды. Егер адамның қолы бос болмаса, телефон қоңырауына жауап беру үшін ойын бөлуі керек болады. Ал абдыру кезінде кортизол атты күйзеліс гормоны артады, оны бөгеу үшін миға қуаныш гармоны – дофамин қажет. Қысқаша айтқанда, бірнеше істі бір уақытта атқаруға ұмтылу кезінде жиналатын күйзеліс ауырсыну күйіне әкеледі.
Н. Үсенова