- Негізгі бет
- Денсаулық
- Маман дәрумендерді қалай...
Маман дәрумендерді қалай дұрыс қабылдау керек екенін айтты
Диетологтар қауымдастығының мүшесі, диетолог Екатерина Матыскина дәрумендерді қалай дұрыс қабылдау керектігін және дәрігердің рецептінсіз қандай дәрумендер кешенін ішуге болатынын айтты. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Маманның айтуынша, мультивдәруменді кешендер оларды құрайтын барлық элементтердің үйлесімділігін ескере отырып арнайы әзірленген.
"Егер сіз қыста дәрумендердің тапшылығына байланысты денсаулығыңызды түзеткіңіз келсе, дәрумендердіңң үйлесімділігін және олардың дозасын ескере отырып, арнайы әзірленген мультидәрумендер кешенін қолдануға болады. Мультидәруменді кешендер ағзаны емдемейді, сондықтан оларды дәрігердің ұсынысынсыз ішу қауіпті емес", - дейді Екатерина Матыскина.
Бірақ маман құрамында бір ғана дәрумен бар препараттарға аса сақтықпен қарау керек екенін ескертті. Мұндай дәрумен қарсы көрсеткіштерге ие болуы мүмкін. Сонддықтан оны дәрігердің нұсқауы бойынша ғана қабылдау керек.
"Дәрігер нақты дәрумендердің шынымен қажет екенін көрсететін қан анализін тағайындайды. Дұрыс емес дозалар ағзадағы заттың артық болуына және оған зиян келтіруі мүмкін. Мысалы, аллергия, жүрек айнуы немесе асқазан-ішек жолдарының бұзылуы сияқты жанама әсерлерге әкеледі", - дейді дәрігер.
Дәрумендерді тәуліктің кез келген уақытында қабылдауға болады, деді дәрігер. Бірақ оларды сумен ған ішу керек, басқа сусындар бұл мақсатқа жарамайды.
"Егер су болмаса, онда дәрумендерді мүлдем ішпеген дұрыс. Мысалы, D және C витаминдерін қабылдау уақытына келетін болсақ, онда қатаң уақыт жоқ. Таңертең де, кешке де, тамақтанар алдында да, кейін де ішуге болады. Бірақ кофе т.б шырын сусынды дәрумендерді қабылдағаннан соң 30-60 минуттан кейін ішкен дұрыс", - деп түйіндеді маман.
Айта кетейік, қан қысымын 65 пайызға төмендететін шай белгілі болған еді. Көк шай мен оолонг шайын үнемі тұтыну гипертониямен ауыратын адамдарда қан қысымын айтарлықтай төмендетеді және оның даму қаупін 65 пайызға азайтады.
Т. Раушанұлы