- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қыз бала әйел...
Қыз бала әйел өмірін ұзартады
Ұл бала мен қыз бала тапқан әйелдерге ұзақ жылдар бойы зерттеу жүргізген Фин ғалымдары ұл бала өмірге әкелген әйелдердің өмірі қысқа болады деген қорытындыға келген.
Бұған дейін ғалымдар ұл баланы бағып-қағуда көп күш-қуат жұмсайды, қыздарға қарағанда, ұлдардың салмағы ауыр болатындықтан, бұл әйелдер ағзасына кері әсер етеді деп есептейтін. Енді міне, Самули Хелле бастаған Түрку университетінің зерттеушілері бұл болжамды тәжірибе түрінде дәлелдеп берді. 16611 әйел мен 6360 ер адамды зерттеген соң, ұл балалар аналар өмірін қысқартып, қыз балалар керісінше, ұзартатыны анықталды, алайда бала жынысы оның әкесіне еш әсер етпейді екен. «Бұл ер адамдар әйелдерге қарағанда ұрпақ өсіруге анағұрлым аз күш-қуат жұмсайтынын көрсетеді» дейді мамандар. Бұл құбылысты жаңа босанған әйелдер ағзасындағы гормондардың өзгеруімен түсіндіреді, сөйтсе де, ұл бала тапқан әйелдердің ағзасында қыз бала тапқандарға қарағанда тестостерон мөлшері көбірек болатын көрінеді. Ал бұл иммундық жүйеге теріс әсер етіп, өмірді қысқарта түседі екен.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: xici.net
M. Auelkhan