- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қысқы жөтел: Үйде...
Қысқы жөтел: Үйде емдеудің бес тиімді тәсілі
Жөтел – иммунды жүйенің әдеттегі қорғанысы, рефлексі. Тамаққа жиналып қалған қақырықты түсірудің жолы. Бұл жағынан алып қарасақ, жөтел жай бір нәрсе боп көрінуі мүмкін.
Бірақ жөтел қақырықты шығара алмаса, онда жағдай қиын. Оның үстіне, жөтел жүйкеге қатты тиеді, қайта-қайта жөтеле берген ешкімге ұнамасы анық. Кейде тамақ ауырып қалуы да мүмкін.
Сондықтан жөтелді күнібұрын емдеген артық етпейді. Жөтелді үйде жатып емдеудің жолдары баршылық. Соның бүгін біз бес тәсіліне тоқталамыз.
Бал
Балдың нағыз табиғи дәрі екенін бәріміз білеміз. Жөтелді емдеуге де пайдасы көп. Тамақтың қабынуын басып, шырыш қабатына май сияқты жағылады да ауырған, қышыған тұсына ем болады. Балдың ішінде қарақұмық балының пайдасы көбірек жөтелге.
Бал антиоксидант (қатерлі ісіктің алдын алу) ретінде, қабынуды басу және антибактериалды қасиеті жағынан өте пайдалы. Инфекциямен күресуге көмектеседі әрі иммун жүйесін жақсартады.
Балды шайға не сүтке қосып ішкен абзал. Жай өзін ғана жеуге де болады.
Зімбір
Зімбір – тропикада өсетін шипалы өсімдік. Тамаққа қоспа, дәмдеуіш ретінде салып жейді. Бал сияқты зімбірдің де антиоксидант ретінде, микробты өлтіру мен қабынуды басу жағынан пайдасы мол. Зімбір ауызда сілекейдің көп бөлінуіне әсер етеді. Содан ауыз құрғау, тамақ жыбырлау болмайды.
Зімбірді жөтелге қолданудың ең тиімді тәсілі – шай қосылған балмен араластырып жеу.
Су
Жөтелді үйде емдеудің оңай бір тәсілі – кәдімгі су. Су қақырықты сұйылтуға көмектеседі. Сұйытылған қақырық мұрын мен ауыз арқылы сыртқа шығып кетеді.
Жөтел кезде адам көп терлейтіні белгілі. Ағзаға жетпей жатқан сұйықтық орнын толтыру үшін көбірек су ішкен абзал.
Ананас
Ананаста С дәрумені, калий мен магний көп болады. Иммун жүйесін жақсартады.
Ананаста бромелайн деген фермент болады. Ол бактерияны ыдыратып, жоюға көмектеседі. Тыныс алу жүйесінің қабынуын басады.
Жалбыз шай
Жалбыздың да пайдасы халыққа белгілі. Оның құрамындағы ментол жөтелге нағыз табиғи ем. Тамақтың қабынуын басып, қақырықтың бөлінуін тоқтатады.
Жалбыз жапырағын сол күйінде ыстық суға салып ішсеңіз, пайдалы болмақ.
Күзгі жөтел: Үйде емделудің бес тиімді тәсілі
Қ. Слямбек