- Негізгі бет
- Денсаулық
- Күзгі ауруға қарсы...
Күзгі ауруға қарсы күрес
Күздің алғашқы айы артта қалып, қыс мезгілі жақындап келеді. Біздің ағзамыз бұндай өзгерістерге өзінің жауабын қайтарады. Суық, ызғары жел, жаңбыр, салқын түндер ағзамызда вирустардың пайда болуына септігін тигізеді. Аурудың алдын алғыңыз келсе мынадай кеңестерді назарға алыңыз:
Қант пен нан-тоқаш өнімдері ағзаңыздың ауруларға қарсы күресін бәсеңдетеді екен. Яғни, тәтті тоқашты жесеңіз, иммунитеттің қорғауынсыз қалатыныңызды ескеріңіз.
Тауық сорпасының ауруға қарсы емдерінің бірі екені бәрімізге мәлім. Алайда, көп жағдайда бұл туралы ұмытатынымыз да өтірік емес.
Су – тіршілік көзі. Неғұрлым көп су ішсеңіз, соғұрлым ағзаңызға пайдасы мол. Таза су (оған лимон шырынын қоссаңыз тіпті жақсы), табиғи шырындар немесе шайды көбірек ішуге тырысыңыз.
Витаминдерге келетін болсақ, сәбіздің құрамында А витамині молынан бар. Сәбіз шырынын, сәбізді турап, шикілей жегеніңіз дұрыс.
Сарымсақты жиі жеп тұрсаңыз, ағзаңызды ауруға қарсы күреске дайындайсыз. Бұны ата-анамыз бала кезімізден санамызға құйып келеді.
Осы кеңестерге қосатыныңыз бар болса пікір қалдырып, бөлісіңіздер, құрметті оқырмандар!
Дайындаған: Фариза Әбілова
Сурет: likar.info
Ф. Абилова