Құрылысшының басын арматура тесіп өтсе де, ол аман қалды

Құрылысшының басын арматура тесіп өтсе де, ол аман қалды

Бразилиялық құрылысшының басын арматура тесіп өтсе де, ол аман қалған. Эдуарду Лейте бірден Рио-де-Жанейродағы ауруханалардың біріне жеткізіліп, бес сағатқа созылған хирургиялық операция арқылы оның басынан үлкен кесек арматура алынған. 

Емдеуші дәрігерлердің хабарлауынша, операция сәтті өткен. Лейте жарым-жарты сал болып ауыруына және бір көзінен айырылуына сәл қалған. 

Дерек көздеріне сенер болсақ, алтыншы қабаттан құлаған арматура құрылысшының қорғаныс каскасымен бірге басын тесіп өтіп, Лейтенің екі көзінің ортасынан бір-ақ шыққан. 

"Мигел Коуту" ауруханасы әкімшілігінің жетекшісі Луис Алешандре Эссингердің айтуынша, Лейте ауруханаға есінен танбай тұрып жеткізілген және ол дәрігерлерге мән-жайды түсіндіріп үлгерген. 

"Оны операция жасау бөліміне апарып, бас сүйегін ашып, миын мұқият қарап шыққаннан соң, бас хирург арматураны алдынан алуды (құрылысшының бет жағынан) ұйғарды", - деп аурухана жетекшісі өз сөзін жалғастырды. 

Нейрохирург Руи Монтейрудің жергілікті телеарнаға берген сұхбатында құрылысшының басын тесііп өткен арматура мидың (атқаратын функциясы ешкімге беймәлім) бөліктері зақымданғанын айтты. Қиын операцияға төзе білген Лейте енді екі апта ауруханада дәрігерлердің қарауында болып, дәрігерлердің нұсқауымен жасалынған денсаулықты қалпына келтіру курстарынан өтеді деп күтілуде. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: side2.no

Ж. FM