- Негізгі бет
- Денсаулық
- Күнге күйіп қалмаңыз...
Күнге күйіп қалмаңыз
Жаз күндері бәрінің арманы жылы теңізге шомылып, жағажайда жатып, күннің сәулесіне жылыну емес пе? Алайда абай болғаныңыз жөн: күнге күйіп қалуыңыз әбден мүмкін. Бұл келеңсіз жағдайдың алдын қалай алып, орын алған жағдайда, қандай ем-дауалар қолдану керектігімен таныс болыңыздар.
Күнге күйіп қалмау үшін не істеу керек?
- Ашық күннің астында жүру уақытын кішкенеден бастап, бірқалыпты түрде үлкейту керек. 15 минуттан бастап күнделікті 5-10 минут қосып отырыңыз.
- 11-00 мен 16-00 арасында күннің астында жүрмеңіз: бұл кезде күннің сәулелері қауіпті болады.
- Демалыста жүргенде бірінші бір-екі күн теріге күн сәулесінен қорғайтын крем жағып, одан кейін ғана күнге күюге арналған сұйықтықтар қолданғаныңыз жөн.
- Жағажайда отырғанда мұздай суық су мен сусындарды ішпеген жөн, оданша салқын компот, морс, минералды су ішкен дұрыс.
- Иегі кең бас киімді тіпті шешпеген дұрыс.
Егер күнге тым күйіп қалсаңыз:
- Мейлінше көп су ішуге тырысыңыз.
- Құрамында С дәрумені, бета-каротин (сәбіз, орамжапырақ), Е дәрумені (жаңғақтар) көп тағамдарды жеңіз.
- Қатты зақымдалған терінің бетіне қиярдың тілімдерін не жасыл шай қалташаларын қойыңыз.
- Салқын душқа жиі түсіңіз.
- Иіс сабындар мен әтір қолданбағаныңыз жөн. Сондай-ақ денеге арналған скрабтарды пайдаланбаған дұрыс. Жалпы құрамында спирті бар заттарды мүлдем қолданбаңыз.
- Құрамында ши не пальма майы бар ылғалдандыратын кремдер мен лосьондар қолданыңыз.
- Минералды суға бірнеше тамшы лаванда майын тамызып, сұйықтықты су шашқыш ыдысқа құйып қойыңыз. Ыдысты өзіңізбен тасып, күні бойы теріңізге шашып отырыңыз.
- Мұз дайындайтын пішіндерге алоэ шырынын құйып, мұздатып қойыңыз. Мұзбен теріңізді сүртіп жүріңіз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: vk.com
С. А