- Негізгі бет
- Денсаулық
- Күнді қалай бастау...
Күнді қалай бастау керек? Маман аш қарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
Диетологтар таңда жеуге болмайтын тағамдар барын айтады. Бұл тек асқазаны сезімтал адамдар не салауатты өмір салтын ұстанушылар үшін ғана емес, барлығына маңызды. Сонымен, аш қарынға жеуге болмайтын өнімдерді жадыңызда сақтап алыңыз.
Диетолог маман Азиза Самат: "Ең алдымен таң жақсы эмоциялардан басталуы керек. Жақсы ұйқы – қайырлы таңның кілті. Күлімсіреу иммундық жүйені нығайтуға көмектесетін бақыт гормондарын, яғни, эндорфин, серотонин және дофамин өндірісін ынталандыратыны ғылыми дәлелденген. Ең бастысы – күніне кемінде жеті, ал көп дегенде тоғыз сағат ұйықтау керек.
Таңғы ас тәбетті реттеуге көмектесетін асқазан-ішек гормондарының синтезіне ықпал етеді. Таңертең ас қорыту мүмкіндігінше тиімді жұмыс істейді, өйткені дене ұйқы кезінде тынығып алады. Таңғы астан кейін тою сезімі ұзақ уақыт сақталады, сол себепті артық тамақтану қаупі айтарлықтай төмендейді.
Идеал таңғы ас мыналарды қамтиды:
- күрделі көмірсулар (әртүрлі дәнді дақылдар, тұтас дәнді дақыл ұнынан пісірілген нан, бұршақ дақылдары);
- талшықтар (көкөністер, жемістер немесе жидектер түрінде);
- ақуыз (сүзбе, қоспасыз йогурт, ірімшіктер, құс еті, майсыз ет, балық, жұмыртқа);
- майлар (тазартылмаған өсімдік майлары, тұқымдар, жаңғақтар, авокадо)
Таңды бір стақан сумен бастаңыз. Сұйықтық ас қорыту процестерін қалыпқа келтіруге көмектеседі" - дейді.
ЦИТРУС
Апельсиндер мен грейпфруттар бос өңешті тітіркендіреді, сондықтан таңғы аспен бірге бір стақан шырын ішу нашар идея. Дегенмен, бұл С витаминінің көзі және түскі немесе кешкі астан кейін керемет десерт болады.
БАНАН
Бұл жемісті таңғы асқа жесеңіз жүрек-тамыр жүйесінің жұмысына теріс әсер етуі мүмкін. Магний мен кальцийдің жоғары мөлшері де кальций-магний балансын бұзады және жүрекке түсетін жүктемені арттырады.
КОФЕ
Таңғы асты бұл сусынсыз елестету қиын болса да, ол бос асқазанды қатты тітіркендіреді. Таңғы астан кейін немесе түскі ас кезінде кофе ішкен дұрыс. Ол тудыратын зақымды азайту үшін сусынның қышқылдығын аздап бәсеңдетуге болады, мысалы, сүт, кілегей немесе кокос майын қосуға болады.
НАН ӨНІМДЕРІ
Круассан мен кофе - бұл кинематографиялық классикалық таңғы ас, бірақ асқазанға үлкен стресс. Нан өнімін пісіруге қосылатын ашытқы асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді, бұл күні бойы ыңғайсыздық тудыруы мүмкін.
АЛМҰРТ
Бұл жемісте бос асқазанды қатты тітіркендіретін талшық бар. Банандар сияқты, алмұрттарды негізгі тамақтан кейін бір-екі сағаттан кейін жеуге болады.
САЛҚЫН ГАЗДАЛҒАН СУСЫН
Салқын және газдалған сусындар қан айналымын нашарлатады, бұл тағамды қорытуды қиындатады. Таңертең шөлді бір тілім лимон шырыны қосылған қарапайым сумен қандырған дұрыс.
АЩЫ ТАМАҚ
Дәмдеуіштерге әуестер таңертең омлетке қызыл бұрыш қосады. Тітіркену болмауы үшін оны түскі асқа қалдырған дұрыс.
ТӘТТІ
Таңертең аш қарынға тәтті жеу қант диабеті қаупін арттырады. Ол қандағы глюкозаның деңгейін күрт арттырады, өйткені қарапайым көмірсулар тез сіңеді. Сондықтан егер сіз сау болғыңыз келсе, бірақ тәттіден бас тарта алмасаңыз, оны тамақтан кейін, 20-30 минуттан кейін жеңіз.