- Негізгі бет
- Денсаулық
- Құлақ неге шыңылдайды?...
Құлақ неге шыңылдайды?
Құлақта шуыл не шыңыл пайда болуы дені сау кез келген адамда кездесуі мүмкін. Денедегі қан айналымының дауысы кейде құлаққа осылай естіледі. Егер құлағыңыз жиі шыңылдайтын болса, дәрігерге көріну қажет, себебі ол әлдебір аурудың белгісі болуы ғажап емес.
Өз-өзіңізге диагноз қоймай тұрып, құлақ шыңылдауына себеп болар мына жайларды шолып өтіңіз:
– Есту аймағында құлық жиналуы;
– Қатты дыбыс шығатын жерде жүру;
– Антидепрессант қабылдау;
– Құлақтың қабынуы не бұлық;
– Мойын ауруы;
– Гипертония.
Егер дәрігер айтарлықтай ауру белгісін айтпаса, бұл келеңсіздікпен өзіңіз күресе аласыз.
– Ақ шуыл (белый шум) қосу, вентилятор не теледидар дауысын қоюға болады немесе интернеттен кез келген түрін тыңдаңыз.
– Музыка қосып, өзіңізге терапия жасаңыз.
– Ұйқыңызды жақсылап қандырыңыз.