- Негізгі бет
- Денсаулық
- Кітап оқу күйзелістен...
Кітап оқу күйзелістен арылтады - ғалымдар
Ағылшын ғалымдары адам кітап оқыған кезде күйзелісті жылдам әрі тиімді еңсеретінін анықтады. Әрі кітап оқу бірқатар факторлар бойынша, күйзеліспен күрестің басқа тәсілдерінен едәуір тиімдірек.
Тәжірибеге өз еркімен қатысқан адамдар күніне кітаптың екі бетін оқып отырғанның өзінде қатысушылардың қан қысымы қалыпқа келіп, бұлшық еттері босаңсып, басқа да оң өзгерістер байқалғаны анықталды. Ғалымдар жүргізген тәжірибе күніне екі бет оқыған еріктілерде жүрек соғысы қалпына келіп, жинақталған нерв қысымынан арылудың тағы да басқа оң өзгерістері орын алғанын көрсетті. Tәжірибеге қатысқан еріктілер арасында күйзеліс деңгейі күн сайын оқитын адамдарда 68% төмендеген.
Британдық зерттеушілер күйзеліспен күресте әуен тыңдау, бейне ойындар ойнау, шай, кофе ішу оң әсер беретінін анықтаған. Алайда бұл әдістердің кітап оқығанға қарағанда әсері әлсіз.
Ғалымдар мәселе адамның қандай кітап оқығандығында емес екенін атап өтті. Күйзелістен арылудың басты факторы автор шығармасына ден қою, ол мейлі детектив не тарихи роман ба, ол жағы маңызды емес. Бастысы адам өзіне ұнайтын кітапты оқығанда, күйзеліс факторлары сейіліп, қоршаған орта әсерін басқа әсерге алмастыруға мүмкіндік туады.
Дреккөз: baq.kz
Н. Үсенова