- Негізгі бет
- Денсаулық
- Кірпіктің ішке қайырылып...
Кірпіктің ішке қайырылып өсуі
Кірпіктің ішке қайырылуы (энтропион) –кірпіктің көз ішіне қарай өсуі. Бұл ауруға көбінесе көздің астыңғы қабағы шалдығады. Энтропион қасаң қабықтың қабынуы мен көз айналасындағы тыртықтардың нәтижесінде туындайды, сонымен қатар, ол бұлшық ет тамырларының түйдектелуі мен туа бітті де пайда болуы мүмкін.
Кірпіктің ішке қайырылуы көздің айналасында, қасаң қабақта пайда болып, көз жанарынан жастың көп ағуына алып келеді.
Симптомдары:
- жастың тоқтамауы
- түршігу
- көз ішінің қызаруы
- көзде құмның сезілуі
Энтропион ауруы адамдар мен жан-жануарларда кездесуі мүмкін. Бұл ауруға көбіне иттер шалдығады. Кірпіктің ішке қайырылып өсуі екі көзде де қатар орын алуы мүмкін.
Бұл аурудың бірден-бір емі – операция. Ал, аурудың жеңіл түрімен көз қабағына лейкопластыр жабыстыру арқылы күреседі. Сонда да операциялық жол сенімді болып есептеледі.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
суреттер: webmvc.com