- Негізгі бет
- Денсаулық
- Көз көруін жақсартатын...
Көз көруін жақсартатын жаттығулар
Назарларыңызға көз көруін жақсартатын бір топ жаттығу ұсынамыз.
1. Көзді солға және оңға көлденең қозғалту.
2. Көз алмаларын тігінен жоғары-төмен қозғалту.
3. Көзді айналдыра қозғалту: сағат тілінің бағытымен және қарама-қарсы бағытта.
4. Көзді жылдам қарқынмен қатты жұмып-ашу.
5. Диагоналінен қозғалту: сол жақ төменгі бұрышқа, сосын кері қарай жоғары жылжыту. Екінші көзге де дәл осы секілді жасайсыз.
6. Мұрынға қарау. Бұл үшін кеңсірікке саусағыңызды тақап, көзіңізді саусақ бойымен тігінен жоғары жылжытыңыз.
7. Көзді жиі жыпылықтату.
8. Көзді қашыққа қарату. Терезеге жақындап, анық көрінетін, жақын тұрған детальға қараңыз: терезенің әр жағында өсіп тұрған ағаш бұтағына, әйнектегі сызыққа. Әйнекке кішкентай қағаз жапсырып қоюға да болады. Сосын көзіңізді алысқа тастап, барынша алыс тұрған заттарды көруге тырысыңыз.
Ж. Исакаев