- Негізгі бет
- Денсаулық
- Көз жасы таусылуы...
Көз жасы таусылуы мүмкін бе? Офтальмолог көп жыласа не болатынын айтты
Жастың бөлінуіне арнайы көзжас бездері жауап береді, олар жоғары қабақта орналасқан. Қалыпты жағдайда жас сұйықтығының кішкене мөлшері адам көзін жыпылықтатқан кезде үздіксіз бөлініп тұрады. Ол конъюнктиваның шырышты қабығының ылғалдануына қажет. Ал егер адам көп жыласа не болады? Doctorpiter.ru порталына офтальмолог Владимир Агеев жауап берді.
Біздің түсінігіміздегі нағыз жас сыртқы тітіркендіргішке жауап ретінде бөлінеді. Бұл көзге қиқым түскенде немесе химиялық қосылысқа реакция түрінде болуы мүмкін. Бөгде заттар көз шырыштысына түскенде оларды тез жуып тастау үшін көзжас бездері күшейтілген режимде жұмыс істеп бастайды.
"Көбінесе, көз жасы - бұл жағымсыз да, жағымды да жағдайға жауап. Жаспен бірге ағзадан артық гормондар шығады, сол үшін адам біртіндеп тыныштанады. Бұл жағынан қарағанда жылау - пайдалы әдет. Ол эмоционалды және физикалық босаңсу береді: адам жылап болғаннан кейін терең тыныс алып бастайды, ал жүрек соғысы баяулайды", - деп түсіндірді дәрігер.
Көздің жасы таусылып қалуы мүмкін бе?
Әдебиетте және кинода "жас қалмады" немесе "жас таусылғанша жылау" деген секілді сөздерді кездестіруге болады. Алайда дәрігердің айтуынша, жастың таусылуы мүмкін емес.
"Жылау адамда көз жасын тудырған фактор кеткенше созылады: жағымсыз эмоциялар, шамадан тыс жұмыс, ауырсыну және т.б. Сондықтан көз жасын тауысу мүмкін емес", - дейді маман.
Бірақ ұзақ жылау көздің қызаруын, конъюнктиваның тітіркенуін және қабақтың ісіп кетуін шақырады. Көзжас бездерінің шамадан тыс жұмыс істеуіне байланысты көз айналасы тінаралық аумақта артық сұйықтық жиналады, бұл көз астының ісіп кетуіне әкеледі.
Көз астының ісуін қалай кетіруге болады?
- Бетті суық сумен жуыңыз;
- Суық компресс жасаңыз немесе салқындататын крем жағыңыз;
- Көзге массаж жасаңыз.
Кез келген нәрсеге жылауды қалай қоюға болады?
Психолог Сергей Розанов бірнеше кеңес берді:
- Жүйке жүйеңізді демалтыңыз. Көп жылау қатты шаршап жүргеніңізбен байланысты болуы мүмкін;
- Күшті эмоцияларды өзіңізде ұстамаңыз. Бір рет жақсылап жылап алуға, спортта эмоцияны шығаруға, жастықты ұрып алуға немесе адам жоқ жерде айқайлап алуға болады;
- Зейініңізді басқа нәрсеге ауыстырыңыз. Егер қазір жылап жіберейін деп тұрғаныңызды сезсеңіз, бірнеше рет баяу тыныс алып, зейініңізді тынысқа аударыңыз. Іштен 10-нан 1-ге дейін де санауға болады.