- Негізгі бет
- Денсаулық
- Көз айналасындағы тері...
Көз айналасындағы тері біздің денсаулығымыз жайлы не айта алады?
Көз айналасындағы теріде тері асты шелмайы жоқ, сондықтан ол ерекше күтімді қажет етеді. Бірақ оның тегіс болмауы, қызаруы және басқа да проблемалар оған күтімнің жетіспейтінін ғана емес, сондай-ақ қартаю процесінің басталғанын да білдіруі мүмкін. Кей жағдайда көз айналасындағы терінің нашар жағдайы біздің ағзамыздағы қандай да бір проблема жайлы белгі береді.
avroralaser.ru
Көз айналасындағы түйіншектер жоғары холестерин үшін пайда болады
40 жастан асқан адамдардың көпшілігінде көзінің үстіне сары түйіншіктер пайда бола бастайды. Медициналық косметологияда оны ксантелазма деп атайды. Оның пайда болуына жиі қандағы жоғары холестерин деңгейі әсер етеді.
Осындай проблеманы байқаған бойда холестерин деңгейін тексеруге анализ тапсыру керек. Егер қандағы майда еритін спирттің деңгейі қалыптыдан көп болса, міндетті түрде дәрігерге көріну керек.
Көз астының қараюы бауыр проблемасының барын білдіреді
Денсаулыққа қатысты кез келген проблема біздің сыртқы түрімізге әсерін береді. Мысалы, көз астының қараюы бауыр проблемасының себебінен пайда болуы мүмкін. Ол зақымдалған болса, ағзаға уытты заттар жиналады. Ал ол асқазан-ішек жолы бұзылуын ынталандырады, ісіну мен тілде сары өңез пайда болады.
Егер сыртқы келбетіңізден кенеттен өзгерістер байқасаңыз, міндетті түрде қан тапсырыңыз және терапевтпен ақылдасыңыз. Әрине, косметолог уақытша сыртқы келбет проблемасынан арылуға көмектеседі, бірақ ол денсаулығыңызды жақсартпайды.
Көз астындағы қызыл дақтар бүйрек ауруларының белгісі болуы мүмкін
Бүйрек жетіспеушілігі, тастар және де басқа да патологиялар ісінудің және көз астында қызыл дақтардың пайда болуына себеп бола алады. Жиі көз айналасына дақтар аяқ астынан пайд болады. Алдымен олар алқызыл түсті болады, кейн қызыл болып кетеді. Мұндай дақтарды көрген бойда дәрігерге қаралу керек. Әдетте, мұндай белгілер кезінде жалпы қан анализін, ішкі органдардың УДЗ, дерматологқа және эндокринологқа қаралуды ұсынады.
ru.freepik.com
Көз айналасының сарғаюы өт шығару жолдары ауруларымен байланысты
Көз астының сарғаюы да ішкі органдармен байланысты проблемаларды көрсетуі мүмкін. Билирубин сары пигментінің деңгейі бауыр және өт шығару жолдары ауруларының себебінен артады. Бұл жағдайда адам аурудың басқа да алғашқы белгілеріне шалдығады. Мысалы, үлкен дәрет пен асқорыту процестерінің бұзылуын байқайды және үнемі іште ауырлық және ауызда күйік дәмін сезеді.
Көздің асты ішек құрттарының себебінен қараюы мүмкін
Әлсіздік, бас ауыруы және асқазан-ішек жолы проблемалары — ішек құрттары болуының жалғыз белгілері емес. Ағзада паразиттердің пайда болуын көз астының қараюы да ескертеді. Олар, әдетте, кенеттен пайда болады және қалыпты бет терісінің фонында қатты ерекшеленіп тұрады. Ішек құрттарын анықтау үшін сәйкес тексерістерден өту керек.
А. Жапатова